Бүгін еліміздің саяси өмірінде маңызды оқиға болды. «ADAL» партиясы «AMANAT»-қа қосылды. Бұл әлемдік тәжірибедегі қалыпты жағдай. «AMANAT» партиясы тарихында осындай бірнеше кезеңдерден өткен болатын.
Өздеріңіз білесіздер, «Отан» партиясы құрылған кезде I құрылтай съезінде саяси ұйымның құрамына Қазақстан халық бірлігі партиясы, Қазақстанның демократиялық партиясы, Қазақстанның либералдық қозғалысы, «Қазақстан – 2030 үшін» қозғалысы кірді.
2006 жылы «Отан» партиясының құрамына «Асар», Қазақстанның Азаматтық партиясы және Қазақстанның аграрлық партиясы кірді.
Халықаралық тәжірибеге назар аударсақ, дамыған елдердің жетекші партиялары да бірігу процесінен өткенін көреміз.
Мысалы, АҚШ-тың Республикалық партиясы Еркін жер партиясы мен Виг партиясы «Ар-ұждан» фракциясының бірігуі арқылы құрылды. Жапонияның либерал-демократиялық партиясы екі партияның: либерал және демократиялық партияның қосылуы нәтижесінде құрылды. Германияның жетекші партияларының бірі ГСДП – неміс жұмысшы қозғалысының алғашқы бұқаралық партиялық ұйымы – Жалпы неміс жұмысшылар одағымен біріктірілді.
Яғни, мұндай процестер демократиялық мемлекеттерге тән.
Қайрат Махметов, «AMANAT»партиясы Ерейментау аумақтық филиалының атқарушы хатшысы.