Среда, 30 апреля, 2025
ЖаңалықтарОқиғаҚылмысЛауазымды тұлға ауыл шаруашылығын қолдауға бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді

Лауазымды тұлға ауыл шаруашылығын қолдауға бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті бейнеконференцбайланыс арқылы Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылық құрамымен сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын талқылау бойынша кездесу өткізді.

Онлайн-кездесуге 124 өкілден тұратын Министрліктің ведомстволық бағынысты мекемелері мен кәсіпорындарының басшылығы да қатысты.

Қатысушылар кәсіпорын директорына және басқа тұлғаларға қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс аясында (ҚР ҚПК 200-бабының негізінде енгізілген) ұсынуды қарады.

Атап айтқанда, сотқа дейінгі тергеу барысында ауыл шаруашылығы саласында маманданған ұйымның басшысы жүйелі негізде басқа адамдармен бірге мемлекеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде аграрлық ғылымды қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатын жымқыру әрекеттерін жасағаны анықталды.

Қылмыстық қудалау органының қорытындысына сәйкес құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайлар жоғары тұрған мекеме тарапынан ведомстволық бағынысты ұйымның қызметіне тиісті бақылаудың болмауы және лауазымды тұлғалардың нормативтік құқықтық актілердің талаптарын өрескел бұзуы болды.

Осыған ұқсас фактілерді болдырмау мақсатында кінәлі тұлғаларға қатаң тәртіптік сипаттағы шараларды қабылдау, бағыныштылардың тәртібі мен қызметіне бақылауды күшейту, қызметкерлер арасында тиісті алдын алу жұмысты ұйымдастыру, ведомстволық бағынысты ұйымдардың бірінші басшылары үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің талаптарын әзірлеу және бекіту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды уақтылы және сапалы жүргізу ұсынылды.

Кездесу барысында облыс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Мұрат Төлеубаев кездесу қатысушыларға Мемлекет басшысы бекіткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген түзетулерді түсіндірді.

«Өкінішке орай, биылғы жылы ауыл шаруашылығы саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсуі байқалады. Мемлекет жыл сайын көп бюджет қаражатын бөлетініне қарамастан, жосықсыз адамдардың сыбайлас жемқорлық әрекеттері ауыл шаруашылығы саласының дамуын айтарлықтай тежейді. Сондықтан, басшыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл бойынша алдын алу жұмысын және бағыныштылардың қызметіне бақылауды күшейтуге шақырамын», -деп қорытындылады Мұрат Төлеубаев.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Трамп АҚШ-ты жарылқай ма, әлде жарға жыға ма?

Дональд Трамптың АҚШ президенті қызметіне кіріскеніне бірнеше айдың ғана жүзі болса да, ол алпауыт елдің болашағына көлеңкесін түсірер біраз шаруаларды жасап тастады.  АҚШ президенті...

Жолшылар Көкшетау қаласының колледж студенттерімен кездесті

Жолшылар Көкшетау қаласының мектептерінің түлектерімен кездесті. «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК Ақмола облысы бойынша филиалы ұжымы арнайы мектепке барып, кәсіби-бағдар беру жұмыстарын жалғастырып...

Ақмола облысында 315 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2025 жылдың І тоқсаны ішіндегі...

Биыл Ақмола облысында 9 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жүйесіне кіреді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикер атап...

Жоғары оқу орындарының 25 түлегі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг...