Наурыз мейрамына орай Көкшетау қаласында тұңғыш рет «Ұлттық ертегілер керуені» street fest ұйымдастырылды.
Ұлттық ертегілер кейіпкерлерімен безендірілген көлік керуені облыс орталығының орталық көшелерімен жүріп өтті. «Тәуелсіздік» алаңынан бастау алған керуен қаланың шеткі аудандарына барды.
Халқымыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан шығармаларының бірі — ұлттық ертегілерді насихаттау, Қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін талантымен, дарындылығымен, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрсеткен. Қасиетті ертегілер арқылы тәрбие берген, салт-дәстүрін сол қалпында сақтап қалған.
Ақмола облыстық мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының баспасөз қызметі.