Бүгін Көкшетау қаласында Ақмола облыстық әкімдігі Қазақстанның тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Ұлы Дала тарихының сырына үңіл! Touch the history of the Great Steppe!» атты Халықаралық Ғылыми-Тәжірибелік конференция өткізді.
Шараның мақсаты – тәлім беру арқылы Ақмола облысы жастары арасында мұрагері біз, Қазақтар болып табылатын ұлы өркениеттің тарихы мен мәдениетінің тәжірибесін үйрету және олардың қызығушылығын оятуды көздейді. Ақмола облысының және тұтас Қазақстанның Тәуелсіздіктің 30 жылы ішіндегі Археологиялық жұмыстары мен Киелі жерлерін танытып, білгізу де басты мақсаттың бірі.
Халықаралық конференцияға Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, Қазақстан Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы, Әзербайжаннан келген саясаттанушы Тофик Мохсеноглы Аббасов, ол модератор да болды, музейлердің директорлары, қазақстандық белгілі ғалым-археологтар, археологиялық экспедициялардың мүшелері-жас ғалымдар, республикалық БАҚ басқармаларының төрағалары, Еуропалық Жаңалықтар Академиясы, Кембридж Университетінің ғалым-археологтары, ректорлар мен студенттер, құрметті қонақтар, Қарағанды облысының ІІМ Академиясы, оқушылар мен жастардың «Болашақ Сарайының» тәрбиеленушілері мен қызметкерлері қатысты.
ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары өзінің құттықтауын жолдады. Сондай-ақ, Түрік Академиясының Президенті Дархан Қыдырәлі онлайн жүйесімен қатысты.