Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінде облыс орталығының тұрғындарына қаланың орталық алаңдарында 10 киіз үйлер есіктерін айқара ашты.
Қонақтар әр киіз үйде көне музей жәдігерлерімен қоса ұлттық нақыштағы заманауи қолөнер шеберлерінің бұйымдары, Ақмола облысы суретшілерінің туындыларымен танысып, облысымыздың киелі объектілері жайлы ақпарат алып, облыстық кітапхана қорындағы сирек кітаптармен таныс болды.
Сонымен қатар, облыс тұрғындары киіз үйлерде ұсынылған жергілікті өндірушілер өнімдерінің жәрмеңкесімен де таныс болды.
Мереке аясында қала тұрғындары мен қонақтарына наурыздың символы атанған наурыз көже, бауырсақ пен қымыз таратылды.
5000 астам қала тұрғындары қазақ халқының қайталанбас қолөнер туындылары, тұрмыс салтының бұйымдарымен жақынырақ танысу мүмкіншілігіне ие болды.