Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының төрағалары үшін семинар ұйымдастырып, онда 2023 жылдың және 2024 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың тәртіптік тәжірибесіне талдау қорытындылары талқыланды.
Осылайша, талданып отырған кезеңде 907 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 659 жергілікті атқарушы органдардың және 248 орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері. Мемлекеттік органдардың және өзге де уәкілетті органдардың тәртіптік комиссияларының ұсынымдары бойынша-73, тәртіптік комиссияда қараусыз-834 мемлекеттік қызметші.
Семинар қатысушыларына Департамент анықтаған жаза қолдану тәртібін 174 бұзушылығы туралы, оның 112-сі жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша, 59-ы талдамалық жұмыс шеңберінде және 4-і азаматтардың өтініштерін қарау қорытындысы бойынша екендігі хабарланды.
Бұзушылықтардың ең көп санына жергілікті атқарушы органдар жол береді – 171 және орталық мемлекеттік органдардың тек 3 аумақтық бөлімшелері.
Департамент жүргізген жұмыстың қорытындысы бойынша жаза қолдану туралы 46 актінің күші жойылды, оның ішінде нұсқамалар негізінде 25, тәртіптік комиссиялардың қызметін талдау қорытындылары бойынша 15, Әдеп жөніндегі кеңестің шешімдері негізінде 5 және сұрау салу жолымен қаралған қызметшілердің өтініштерін қарау қорытындылары бойынша 1.
Семинар барысында Заңның 9-бабының 14) тармағына сәйкес мемлекеттік қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тергеп-тексеруді талап етуге құқылы екендігі атап өтілді.
Бұдан басқа, Қағидалар мемлекеттік органды қызметші теріс қылықпен жазбаша түсініктемеде келіспегенін білдірген жағдайда қызметтік тергеп-тексеру тағайындауға және жүргізуге міндеттейді.
Алайда, тәжірибе көрсеткендей, уәкілетті адамдар көрсетілген талаптарды ескермей, қызметтік тергеп-тексеру жүргізбестен, келісімі болмаған кезде қызметшілерге жаза қолданады, жекелеген жағдайларда және акт шығарар алдында жазбаша түсініктеме талап етпейді.
Бұл ретте, жаза қолдану мерзімдерінің өтуіне қарамастан, қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту фактілері де орын алады.
Мұндай фактілер жаза қолдану тәртібі мен қызметшінің кепілдендірілген құқықтарының өрескел бұзылғанын куәландырады, ал шығарылған актілер жойылуға жатады.
Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзудың алдын алу, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын бұзуға жол бермеу мақсатында семинарға қатысушыларға заңнама талаптарын сақтау қажеттілігі көрсетілді