Сенбі, Шілде 27, 2024
15.2 C
Kokshetau
14 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызметМҚІА Департаменті құрылыс компаниясының рұқсат құжаттарын қалпына келтірді

МҚІА Департаменті құрылыс компаниясының рұқсат құжаттарын қалпына келтірді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментіне Көкшетау қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі бас жоспарға сәйкес келмейтіндігіне сілтеме жасай отырып, көппәтерлі тұрғын үй салуға рұқсаттың әрекетін тоқтату мәселесі бойынша құрылыс компаниясы жүгінді.

Осылайша, Көкшетау қаласының әкімдігі компанияға рұқсат берілгенше дейін жер учаскесінің нысаналы мақсатын жеке тұрғын үй құрылысынан көппәтерлі үй салуға өзгерту туралы шешім шығарды. Өтініш беруші өзіне жүктелген шарттық міндеттемелерді адал орындай отырып, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту үшін бюджетке 6 миллион теңгеден астам сомада төлем енгізген.

Аталған жағдайға дейін қала әкімдігі серіктестіктің жер учаскесінде көппәтерлі тұрғын үй салуды көздейтін егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын бекітті.

Көптеген шығындар мен құрылыс құжаттарын рәсімдеудің ұзақ рәсімдерін өткеннен кейін компания мемлекеттік органның рұқсатты тоқтату  туралы шешімін заңсыз деп санап, Департаментке шағым түсірді.

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте әкімшілік актінің күшін жою үшін нақты негіздер көзделген.

Алайда, Департамент жүргізген тексеру барысында мемлекеттік орган бұл жағдайда осындай негіздердің бар екендігін дәлелдей алмады.

Сонымен қатар, бас жоспарға қайшы келетін егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы жергілікті атқарушы органның кінәсінен қабылданды, бұл Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің сенім құқығын қорғау қағидатына сәйкес құрылыс салушы үшін ауыртпалық салатын салдарға алып келмеуі тиіс.

Шағымды қарау нәтижесінде Департаменттің нұсқамасы негізінде бөлім құрылыс компаниясының сәулет-жоспарлау тапсырмасын қалпына келтірді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...