Суббота, 15 марта, 2025
ЖаңалықтарҚазақстанМұнай өнімдері жоспар бойынша жеткізіліп жатыр – ҚТЖ

Мұнай өнімдері жоспар бойынша жеткізіліп жатыр – ҚТЖ

Сондай-ақ, оқыңыз...

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ базасында энергетика саласының жүйе құраушы кәсіпорындарымен өзара іс-қимыл штабы жұмыс істеп тұр. Бұл туралы акционерлік қоғамның баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ базасында энергетика саласының жүйе құраушы өнеркәсіп кәсіпорындарымен (ЖЭО, ГРЭС, көмір және кен разрездері) өзара іс-қимыл бойынша штаб жұмыс істеп тұр. Қазіргі уақытта жылжымалы құрам үздіксіз цикл өндірістерін штаттық режимде қамтамасыз етіп отыр. Отын-энергетика кешені нысандарына мұнай өнімдерін жөнелту жоспар бойынша жүргізілуде», — делінген ұлттық компанияның мәліметінде.

«ҚТЖ» ақпараты бойынша, штаб өндірістік компаниялармен тұрақты байланыста жұмыс істеп тұр.

«Жылжымалы құраммен қамтамасыз ету және жүктерді жеткізу мәселелері жедел тәртіпте шешіліп жатыр», — деп жазады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Бұған дейін теміржол қызметкерлері бүлік кезінде зардап шеккендер үшін қан тапсырып жатқаны туралы жазғанбыз. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі төтенше жағдай режимі кезеңінде медициналық көмек көрсету және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша халыққа кеңес беретін 1406 байланыс орталығының қосымша номерлерін іске қосты: 8-7172-67-41-33, 8-7172-67-41-34, 8-7172-67-40-92.

Дереккөз: ҚазАқпарат

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

ҚР МҚІА департаменті 1,5 миллиард теңгеге шаруа қожалығының құқығын қорғады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті бұрын ауыл шаруашылығын жүргізу үшін ауданы 2000 гектар жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартудан бас...

ҚР МҚІА Департаментінің ұсынысы негізінде қызмет көрсетудің қолжетімділігі артты

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру нысанында талдау жүргізеді. Департамент Агенттікке «Жаппай саяси...

«Даладай дархан, дарабоз Сәбең» жылжымалы көрмесі

Биылғы жылы қазақ әдебиетінің классик жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстан ғылым академиясының академигі, М.Ғабдуллиннің жанашыр ағасы Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толып отыр. Мәлік Ғабдуллиннің Сәбит...

ҮЗДІК қоғамдық қабылдау бөлмелері анықталды!

Байқау қорытындысы бойынша Аршалы, Степногорск және Атбасар аумақтық партия филиалдары жеңімпаз атанды. «Үздік қоғамдық қабылдау» байқауы  партияның қоғамдық қабылдау жүйесін жетілдіру және халықпен жұмысты нығайту...

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық науқанына қатысты

Ақмола облысының мемлекеттік қызметшілері еріктілер қозғалысы шеңберінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті ұйымдастырған «Игі істер марафонына» қатысып, мұқтаж жандарға...