Вторник, 14 января, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерЦелиноградМәжіліс депутаттығына кандидат тікелей эфирге қатысты

Мәжіліс депутаттығына кандидат тікелей эфирге қатысты

Сондай-ақ, оқыңыз...

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат, «Орленок» ЖШС директоры Павел Николаевич Безвербный Целиноград ауданындағы үгіт-насихат жұмысы бірнеше бағытта ұйымдастырылып, Родина ауылдық округіндегі тұрғындармен кездесулерінен кейін әлеуметтік желі арқылы «Үміткерге сауал қой» атты тікелей эфирмен ұласты.

Осы орайда, «Nur Otan» партиясының әлеуметтік желідегі тікелей эфирлері «Фейсбук», «Инстаграм» желісінде аудан тұрғындарымен онлаин форматта жүздесіп, сауалына жауабын берді. «Үміткерге сауал қойыңыз» тақырыппенен басталған «Nur Otan» партиясының әлеуметтік желісінде желі қолданушылар, әрі сайлаушылар, үйден шықпай-ақ ұялы телефонымен желіге қосылып, кандидатқа өз сауалдарын жолдап, тұщымды жауап алуға мүмкіндік алды. Жалғасы сұрақ-жауап алмасу форматына жалғасып, тұрғындар тарапынан партияның сайлауалды бағдарламасындағы жұмыстар бойынша, оның ішінде тұрғын-үй коммуналды шаруашылық саласымен жол сапасын арттыру мәселелері жайында сауалдарын жеткізіп, үміткер тарапанына қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Сауалдар әр түрлі тақырыптар жайлы өрбіді.

Кандитат П.Н. Безвербный партия сайлауалды бағдарламасында қарастырылған негізгі 7 бағыттың басымдылықтары бойынша да атқарылатын іргелі істерге кеңінен тоқталды. Ең алдымен «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында Целиноград ауданы тұрғындарына қатысты маңызды бағыттарын атап өтіп, негізгі мақсат-міндеттеріне тоқталды. Білім саласындағы оңды өзгерістерді де тілге тиек етті. 2021 жылдан 2025 жылға дейін 1 сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен 100% қамту, педагогтердің 66,3% — ын аттестаттаудың жаңа жүйесімен қамту.

Денсаулық саласы бойынша 2025 жылға дейін 3 ауылда (Жарлыкөл, Жалғызқұдық және Нұресіл ауылдары) медициналық мекемелерді күрделі жөндеуден өткізуге қол жеткізілетіндігі жайлы ауылдарды электр энергиясымен қамту алдағы жылы Р. Қошқарбаев, Тайтөбе ауылдарында электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы, 2022 жылы Қараөткел, Қаражар, Қосшы ауылдарында электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы, 2023 жылы Қоянды, Шұбар ауылдарында электрмен жабдықтау желілерін салу, 2024 жылы Аққайың ауылында электрмен жабдықтау желілерін салу кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады.

Тікелей эфир соңында әр қойылған сауалдар бойынша тиісінше «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында қамтылғанын ескере келе, кандидат сауалдарды өз назарына алатындығын жеткізіп, 2021 жылы 10 қаңтар күні дұрыс таңдау жасап, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Ақмола облысы Целиноград ауданы сайлау қорының қаражатынан төленді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...