Вторник, 14 января, 2025
ЖаңалықтарҚоғамМейірімділік, қамқорлық, қайырымдылық...

Мейірімділік, қамқорлық, қайырымдылық…

Сондай-ақ, оқыңыз...

Осынау игі қасиеттерді бүгінгі жас ұрпақтың санасына сіңіру, көпке үлгі ету мақсатында «AMANAT» партиясы көктемнің шуақты мерекесі Наурыз мейрамы қарсаңында қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары аясында өткен акция аясында партияның облыстық және аудандық филиалдарының атқарушы хатшылары мен халық қалаулылары «Jas Otan» жастар қанатының белсенділерімен бірлесіп, өңірдегі 40-тан аса отбасын Наурыз мейрамымен құттықтап, оларға 400 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетті.

Дәстүрге айналған игі шара аясында халық қалаулылары аға буын өкілдерімен қатар көпбалалы және мұқтаж отбасыларының үйінде болды. Айта кетейік, осы жолғы кездесулердің жөні бөлек. Себебі, «Халық үніне құлақ асатын Үкімет» тұжырымдамасы аясында депутаттар отбасылардың түйткілді мәселелерімен танысып, оларды партияның Қоғамдық қабылдаулары арқылы шешуді көздеді. Сонымен қатар Президент Жолдауының негізгі бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мәселен, «AMANAT» партиясының Көкшетау қалалық филиалының атқарушы хатшысы Зәуреш Нұрымова қалалық мәслихат депутаты Станислав Максимецпен көпбалалы және аз қамтылған отбасыларын мерекемен құттықтап, материалдық көмек көрсетті.
Қайырымдылық акциясы аясында халық қалаулылары көпбалалы ана Самал Сұлтанованың үйінде болып, балаларға тәттілер және отбасына қажет азық-түлік салынған себетті сыйға тартты. Айта кетейік, бұған дейін балалардың анасы партияның Қоғамдық қабылдау бөлмесінде болып, мектепте оқитын ұлын тегін тамақтандыру бойынша көмек сұраған болатын. Кездесу аясында депутаттар бұл мәселенің оң шешілгенін айтып, көпбалалы ананы тағы бір қуантты.

Депутаттар сондай-ақ 4 бірдей баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған Әсел Құсайынованың отбасын Наурыз мерекесімен құттықтап барды. Жалғызбасты ана да бұған дейін партияның Қоғамдық қабылдауында болып, заңгердің көмегін қажет ететінін алға тартқан болатын. Депутаттар бұл мәселенің де оңтайлы шешілгенін, көпбалалы анаға заңгер кеңесі тегін берілетінін жеткізіп, қуантты. Қайырымдылық акциясы аясында халық қалаулылары отбасына азық-түлік салынған себетті сыйға тартып, Наурыз меркесімен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.

Айта кетейік, осындай қайырымдылық шараны өткізуді «AMANAT» партиясы жыл сайынғы дәстүрге айналдырып отыр. Биылғы ерекшелік отбасыларын мерекемен құттықтап қана қоймай, олардың түйткілді мәседелерін шешіп беру көзделді. Сөйтіп, партиялықтар өзінің діттеген мақсатына қол жеткізді. Бұл халықтың партияға деген сенімін арттыратыны сөзсіз. Кездесулер аясында отбасылардың көтерген басқа да мәселелері париияның Қоғамдық қабылдаулары арқылы зерттеп-зерделенеді, оның оңтайлы шешілуі партиялық бақылауға алынады.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...