2022 жылдың 22 сәуірінде қашықтықтан «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен мектептегі өзін-өзі басқарулар арасында «Бағытымыз айқын, мақсатымыз анық» облыстық үздік портфолио байқауы өткізілді.
Іс-шара мектептегі өзін-өзі басқарудың қызметін жандандыруға, өзін-өзі басқарудың белсенді жұмыс істейтін көшбасшыларын анықтауға, мектептегі өзін-өзі басқару көшбасшыларының оң имиджін қалыптастыруға ықпал етеді.
Байқауға облыстың 11 ауданынан, Көкшетау, Степногорск қалаларынан және облыстық мектеп-интернаттардан барлығы 22 мектеп өзін-өзі басқару қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындарды келесі мектептегі өзін-өзі басқарулар иеленді:
1 орын — Сандықтау ауылы, қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау облыстық орталығы, балалар өзін-өзі басқару төрағасы Ведерникова Карина Шалкарвна;
2 орын – Атбасар ауданы, Атбасар қаласының №2 ЖББМ, мектептің өзін-өзі басқару президенті Семенча Маргарита;
2 орын – Бурабай ауданы, Щучинск қаласының №5 ЖББМ, мектептің өзін-өзі басқару президенті Олифийцева Виктория;
3 орын – Целиноград ауданы, Қажымұқан ауылының ЖОББМ, мектептің өзін-өзі басқару президенті Мекеш Күннұр;
3 орын – Егіндкөл ауданы, Егіндкөл ауылының №2 ЖББМ, мектептің өзін-өзі басқару президенті Марчук Ульяна;
3 орын – Көкшетау қаласы, №17 мектеп — гимназиясы, мектептің өзін-өзі басқару президенті Сайран Нұрсезім.