spot_img
- Жарнама -spot_img
2.2 C
Kokshetau
үйҚазақстанМемлекет басшысы «Родина» агрофирмасының бас директоры Иван Сауэрді қабылдады

Мемлекет басшысы «Родина» агрофирмасының бас директоры Иван Сауэрді қабылдады

-Жарнама -spot_img

Кездесу барысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту мәселелері талқыланды.

Иван Сауэр Қасым-Жомарт Тоқаевқа отандық ауыл шаруашылығы ғылымын кешенді түрде жаңғырту туралы ұсыныстарын айтты. Сондай-ақ еліміздің ауылдық аумақтарын дамытуға қатысты өзінің көзқарасын жеткізді.

Мемлекет басшысы дамыған инфрақұрылымымен және тұрғындарды барынша жұмыспен қамтуымен ерекшеленетін «Родина» ауылы үлгілі елді мекен саналатынын атап өтті.

Президент мемлекет тарапынан ауыл тұрғындарының табысы мен тұрмыс сапасын арттыруға айрықша көңіл бөлінетініне тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл халқының еңбек өнімділігі мен жұмыспен қамту көрсеткіштерін арттыруға, сондай-ақ ауылдағы әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды тиімді жүзеге асыру үшін бизнес-қоғамдастықпен бірлесе әрекет ету қажет екеніне назар аударды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985желдеткіштерсияқты
2,458ізбасарларыорындаңыз
61,453абоненттержазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img