Сенбі, Мамыр 18, 2024
24.2 C
Kokshetau
19 C
Nur-Sultan
25 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызметМемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту шеңберінде жер қатынастары саласындағы бірқатар «жасырын» қызметтер регламенттелді

Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту шеңберінде жер қатынастары саласындағы бірқатар «жасырын» қызметтер регламенттелді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жер қатынастары саласындағы мемлекеттік органдардың функцияларын талдау қорытындысы бойынша «жасырын» қызметтерді регламенттеу жөнінде ұсыныс енгізді.

Мәселен, бұған дейін Департаментке азаматтар мен кәсіпкерлердің жер комиссияларының сауда-саттықсыз қосымша жер учаскелерін беруден негізсіз бас тартуы туралы шағымдары бірнеше рет келіп түскен болатын.

Мәселені зерделеу барысында анықталғандай, жергілікті атқарушы органдардың сауда-саттықты өткізбей жер учаскелерін беруі «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде жүзеге асырылған.

Алайда, осы мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары объектілерді кеңейту, жер қойнауын пайдалану, қатысушылар құрамынан шыққан кезде шаруашылық серіктестігінің немесе өндірістік кооперативтің қатысушыларына (мүшелеріне) жер бөлу сияқты жоғары сұранысқа ие жер учаскелерінің санаттарын қамтымады. Осыған байланысты, аталған жер учаскелерін беру кезінде әкімдіктердің шешімдерімен келіспеген жағдайда құжаттардың бекітілген тізбесі, көрсету мерзімдері және шағымдану тәртібі болмаған. Мұндай құқықтық олқылықтар өтініш берушілерден артық құжаттарды талап етуге және әртүрлі себептермен жер учаскелерін беруден бас тартуға жағдай жасады.

Мұндай мәселелер бойынша шағымдар түскен кезде Департамент бұрын Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің талаптарына сәйкес оларды шешімдері даулы әкімшілік органдарға қайта жіберуге мәжбүр болды, бұл, әдетте, азаматтардың сотқа талап арыз беруімен аяқталып отырды.

Бұл жағдай, әсіресе, қолданыстағы бизнесті кеңейтуге заңды құқықтарын жүзеге асыруда әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкерлерді алаңдатты.

Осыған байланысты, өтініштерде көтерілген өтініш берушілердің проблемалық мәселелерінің негізінде азаматтарды қабылдау барысында азаматтар үшін қолайлы жағдайлар жасау және азаматтардың жер ресурстарына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында Департамент бірқатар «жасырын» қызметтерді мемлекеттік қызметтерге өзгерту үшін агенттігінің орталық аппаратына одан әрі Ауыл шаруашылығы министрлігіне жіберу үшін ұсыныстар енгізді.

Нәтижесінде, Ауыл шаруашылығы министрлігі жоғарыда аталған «жасырын» қызметтерді «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын оларға тарату жолымен регламенттеді. Енді нормативтік құқықтық актілер: қажетті құжаттардың тізбесін (заңнама мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде артық құжаттарды талап етуге тыйым салады), көрсету мерзімдерін, нәтижелермен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушылар үшін тыңдау мүмкіндігін, көрсетілетін қызметті берушілердің шешімдеріне, әрекеттеріне шағымданудың бірыңғай тәртібін және ең бастысы, бас тарту үшін нақты негіздерді белгілейді.

Осы түзетулер көрсетілетін қызметті алушылардың сотқа дейінгі тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіну арқылы тиісті түрде құқықтарын қорғауға, сондай-ақ жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде әуре-сарсаң мен бюрократизм көріністерін жоюға ықпал етеді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...