ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен «Қадамдық жоспардың» 1-тармағын орындау мақсатында, мемлекеттік орган басшылығын лауазымға тағайындау барысында біліктілік талаптарына сәйкестігін қадағалау тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Іс-шараға Ақмола облысының мемлекеттік органдарының персоналды басқару қызметі өкілдері және Әдеп жөніндегі уәкілдері қатысты.
Өткізілген іс-шарада ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» бұйрығына енгізілген өзгерістер, сондай-ақ азаматтарды мемлекеттік лауазымдарға тағайындау кезінде Департаментпен анықталған бұзушылақтар қаралып, талқыланды.
Сондай-ақ іс-шарада мемлекеттік қызметке іріктеу саласындағы қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді.