spot_img
- Жарнама -spot_img
27.9 C
Kokshetau
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызмет балалар көзімен

Мемлекеттік қызмет балалар көзімен

-Жарнама -spot_img

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күні мерекесі қарсаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшілердің балалары арасында «Менің ата-анам – мемлекеттік қызметші» тақырыбында суреттер байқауын ұйымдастырды.

Барлығы 31 жұмыс ұсынылды. Байқаудың әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін қазылар алқасының құрамына дизайнер және суретші, Көкшетау қаласының «Гранат» шығармашылық студиясының жетекшісі кірді.

Жұмыстарды талқылау барысында қазылар алқасы қатысушылардың белсенділігін және шығармашылық қабілеттерін атап өтті, себебі балалар өз суреттерінде туған жерге, ата-аналарына деген сүйіспеншілігін білдіруге, олардың мемлекеттік қызметтегі жұмысын жарқын бейнеде сипаттауға тырысты.

Байқау қорытындысы бойынша І орынды Айым Дүйсембаева иеленді. ІІ орын Валерия Хлыстоваға, ІІІ орын Күлше Мәженоваға берілді. Сондай-ақ «Үздік идея» номинациясы Сезім Әсетқызына және «Ең эмоционалды сурет» номинациясы Айлин Әлімоваға берілді.

Байқауға қатысушылардың суреттері түрлі техникалар мен стильдерде орындалды. Әрбір жұмыс қатысушылардың мемлекеттік қызметтің мақсаттарын қалай қабылдайтынын көрсетіп, олардың дүниетанымын ашып көрсетті. Көптеген қатысушылар өз таланттарының жаңа қырларын көрсете алды.

Мысалы, Сезім Әсетқызы әке-шешесін күн сайын адамдарға көмектесіп, ерлік көрсететін «Супермен» және «Чудо женщина» бейнесінде суреттеген. Байқаудың тағы бір қатысушысы Айлин Әлімова да өз атасын мемлекеттік қызметке, яғни жұмысына шығарып салып жатқанын суреттеді. Оған қоса кейбір балалар ата-аналарының үйдегі және жұмыстағы өмірін бірге бейнелеп көрсете алды.

Байқау жеңімпаздары дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады. Сонымен қатар, барлық балалардың суреттері Департамент ғимаратындағы стендке ілінетін болады.

Осындай іс-шаралар мемлекеттік қызметтің имиджін арттыруға, сондай-ақ өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді тәрбиелеуге ықпал етеді.

Жазира Тоқтар, ҚР МҚІА Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img