ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшылығымен қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру мақсатында облыстың аудан, қала және ауылдарындағы кездесулер легі жалғасуда.
А.ж. 26 шілдеде Департамент басшысы Думан Әбілев Жақсы ауданының мемлекеттік қызметшілерімен кездесті. Өз баяндамасында ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарын сақтау, қызмет көрсету сапасын жақсарту мәселелерін көтеріп, мемлекеттік қызметке іріктеудің уақытша қағидалары туралы, сонымен қатар мемлекеттік қызметке кіруді жеңілдету мақсатында қабылданған бірқатар жаңа тетіктер жөнінде толығырақ ақпарат беріп, мемлекеттік қызметшілердің сұрақтарына жауап берді.
Іссапар барысында Думан Әбілев сервистік әкімдіктің, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімдерінің, аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысып, халыққа қызмет көрсету сапасына қатысты мәселелерді көтерді. Бұл орайда халықтың барлық санаттарына, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға қызметтердің қолжетімділігі мәселесі ерекше назарға алынды.
Сонымен қатар Департамент басшысы сервистік әкімдікте азаматтарды қабылдап, олардың толғандырған сұрақтарына жауап берді.
Түсіндірмелік жұмыспен ауыл-аймақтарды қамту және қызмет көрсету сапасын қадағалау мақсатында Думан Әбілев Жақсы ауылы әкімдігінің жұмысымен танысты.