Пятница, 17 января, 2025
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілету

Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілету

Сондай-ақ, оқыңыз...

Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілету және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруға жәрдемдесу мақсатында Ақмола облысында мемлекеттік қайраткерлер мен құрметті мемлекеттік қызметшілер қатарынан спикерлер пулының өңірдің мемлекеттік органдарының өкілдерімен түсіндіру кездесулері өткізіледі.

Осыған дейін көп жыл бойы қадағалау органдары жүйесінде қызмет еткен облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Айнагүл Жанәділова облыстың аудандары мен қалаларының жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлерімен көшпелі кездесулер өткізді.

Кездесу барысында Айнагүл Жанәділова Әдеп кодексінің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша заңнаманың негізгі нормаларын түсіндіре отырып, әдеп нормаларын сақтаудың және мемлекетке қызмет атқаратын адамдардың кез келген құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті танытудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, «Әділдік жолы» РҚБ облыстық филиалының жетекшісі Ерлаз Жайықбаев облыс өңірлері әкімдіктерінің мемлекеттік қызметшілерімен кездесіп, мемлекеттік қызметте жинақталған тәжірибесімен бөлісіп, мемлекеттік және азаматтық бастамаларды іске асырудағы жеке үлесі туралы айтты.

Ерлан Жайықбаев атап өткендей, бүгінде ол қоғамдық қызмет аясында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыру, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ парасаттылық идеологиясын ілгерілету мәселелеріне өз үлесін қосуды жалғастыруда.

Айта кетейік, мемлекеттік қайраткерлерді, мемлекеттік қызмет ардагерлері мен құрметті мемлекеттік қызметшілерді тарта отырып, осындай алдын алу кездесулер тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...