Воскресенье, 24 ноября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызметшілер шешендік өнерді үйренуде

Мемлекеттік қызметшілер шешендік өнерді үйренуде

Сондай-ақ, оқыңыз...

Сөйлеу мәдениетін дамыту, халықпен тиімді қарым-қатынас орната білу мемлекеттік қызметшілер үшін ерекше маңызға ие.

 

Өйткені олардың жұмысы халыққа қызмет етуді, азаматтардың түрлі мәселелерін шешуді, заңнаманың белгілі бір нормаларын дұрыс және түсінікті етіп түсіндіруді көздейді. Кеңауқымды және инновациялық жобаларды іске асырудың түпкі нәтижесі көбінесе тиімді коммуникацияға байланысты болады.

Бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкерлері үшін шешендік өнерді дамыту тақырыбында интерактивті пікірталас ұйымдастырылды.

Спикер ретінде ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Б.Газдиева қатысты.

Б.Газдиева өз сөзінде жұртшылық алдында сөз сөйлеу қорқынышымен күресудің тәсілдеріне назар аударды.

Спикердің айтуынша, көпшілік алдында сөйлеудегі ең басты қасиеттер – күрделі нәрсені қарапайым сөздермен айта білу, ақпаратты дұрыс ұсына білу, аудиториямен тығыз байланыс орната білу. Сондай-ақ, ол кез келген баяндамаға дұрыс дайындалу, оның ішінде баяндаманы сауатты жазу және құрылымдау қажеттігі туралы хабардар етті.

Өз сөзін спикер қызықты көрнекіліктермен және бейнероликтермен, сонымен қатар жеке тәжірибесіндегі жарқын мысалдармен сүйемелдеді.

Іс-шараға қатысушылар кәсіби қызметте қолдануға жарамды болатын пайдалы әрі өзекті ақпаратқа ие болды.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...