Жеткіншек тәрбиесіне жауапкершілікпен қарап, лайықты үлес қосып жатқан өнегелі орда № 12 «Мерей» балабақшасы дер ем. Әсіресе № 2 ПДК «Аяулым» тобының тәрбиешілері.
Кызым Фариза үш жарым жаста, Аяулым тобының тәрбиенленушісі. Ауыр болса да өз баламның ерекше жан екенін білгендіктен біз ата- ана үшін
балабақша ,тәрбиеші таңдауда өте мұқият болдық десем болады. Бірақ , «Мерейге» кірген сәттен бастап бізді және қызымды басшы, әкімшілік, медбике психолог тәрбиеші бір ұжым боп құшақ жая жылы лебізбенен қарсы алды.
Барлығын бастан аяқ түсіндіріп , көрсетіп өтті. Осы сәтте ана жүрегі өз орнына түсті деуге болады. Ең кереметі көп ұзамай біздің «Мерейге» мейірімді жан Гаухар Қайырғожақызы келіп қосылды. Аз уақыт ішінде өз ісін сүйетін, қадірі мен қасиетін жете түсінген ұстаз екенін біз байқадық. Қызыма бірінші сәттен жүрегіне, көңіліне жол таба алды десем арттық кетпеймін.
Әрдайым жүрегінің кеңдігімен Фаризама үлкен сүйіспеншілікпен қарайды, бұны тек бізге ғана емес, әрбір балаға деген өз қамқорлығын айқын көрсете білді. Менің ойымша бұл топ та қызмет істеу үшін кең жүрек , қажырлы еңбек керек деп есептеймін. Гаухар Қайырғожақызы әр дайым ізденісте , жаңашыл, жан-жақты педагог .
Қазіргі таңда індетке байланысты балабақшаға кіріп, ертеңгіліктерге қатыса алмасақ та әрбір сабақты қызықты ұйымдастырып, мазмұнды әсерлі деңгейде өткізіп жатқан видео және фотоларды ғаламтор желісі арқылы біздерге жіберіп қуантып тұрады.
Сол себепті ұлағатты ұстаз, іскер басшы Анар Газизовна жетекшілік етіп жатқан балабақша ұжымына шығармашылық табыс тілейміз, «Мерейге» мейірімді жандар ғана қосылсын деп тілейміз. Шәкірттеріңіз оза берсін , алар асулары биік болсын ! Алғысымыз шексіз!
Ізгі тілекпен: Жұмабаевтар отбасы.