Болгарияның астанасы София қаласында ММА бойынша жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтті. Байрақты жарысқа 23 елден 300-ден астам спортшы қатысты. Қазақстан атынан 29 спортшы бақ сынады.
Ақмола облысының жауынгерлері 14-15 жас санатында Елизавета Симаненко (57 кг) және 16-17 жас санатында Ілияс Сайфулин (120.2 кг дейін) қола медаль жеңіп алды. Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық команданың есебінде бір алтын, үш күміс және сегіз қола жүлде бар.