Суббота, 15 марта, 2025
ЖаңалықтарЭкономикаМобильді аударымдар туралы мәлімет

Мобильді аударымдар туралы мәлімет

Сондай-ақ, оқыңыз...

Қазіргі уақытта желіде кәсіпкерлікпен, оның ішінде жеке тасымалдаумен айналысатын адамдардың мобильді аударымдарын жаппай бақылау туралы ақпарат таратылуда.

Бизнес субъектілеріне салық салу барынша оңайлатылғанын айта кету керек, такси жүргізушілері патент негізінде арнайы салық режимін қолдана алады, ол бойынша мөлшерлеме жалпы кірістің тек 1% — ын құрайды. Мысалы, егер кіріс 300 мың теңгені құраса, онда салық айына бар болғаны 3 мың теңге болады.

Бұл ретте, кассалық аппаратты сатып алу міндетті емес, онлайн кассалық аппараттардың бірнеше тегін мобильді нұсқалары бар. Келесі жылдан бастап «e-Salyk Business»мобильді қосымшасын пайдалана отырып жүргізілетін арнаулы салық режимі енгізіледі.

Осы қосымшада дара кәсіпкер тіркелуге, салық салу режимін таңдауға болады, қосымша кассалық аппарат ретінде пайдаланылуы мүмкін. Салықтар мен төлемдерді осы қосымшаны қолдана отырып төлеуге болады.

Сонымен қатар, мемлекет шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында, дара кәсіпкерлерді 2023 жылға дейін кірісінен салық төлеуден босатып, тексеру жүргізуге мораторий жариялады.

Осыған байланысты кәсіпкерлерді заңды бизнес жүргізуге, нақты кірістерді көрсетуге шақырамыз, бұл жалпыға бірдей декларациялауды енгізу қарсаңында әсіресе өзекті.

Ақмола облысы бойынша МКД баспасөз қызметі.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

ҚР МҚІА департаменті 1,5 миллиард теңгеге шаруа қожалығының құқығын қорғады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті бұрын ауыл шаруашылығын жүргізу үшін ауданы 2000 гектар жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартудан бас...

ҚР МҚІА Департаментінің ұсынысы негізінде қызмет көрсетудің қолжетімділігі артты

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру нысанында талдау жүргізеді. Департамент Агенттікке «Жаппай саяси...

«Даладай дархан, дарабоз Сәбең» жылжымалы көрмесі

Биылғы жылы қазақ әдебиетінің классик жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстан ғылым академиясының академигі, М.Ғабдуллиннің жанашыр ағасы Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толып отыр. Мәлік Ғабдуллиннің Сәбит...

ҮЗДІК қоғамдық қабылдау бөлмелері анықталды!

Байқау қорытындысы бойынша Аршалы, Степногорск және Атбасар аумақтық партия филиалдары жеңімпаз атанды. «Үздік қоғамдық қабылдау» байқауы  партияның қоғамдық қабылдау жүйесін жетілдіру және халықпен жұмысты нығайту...

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық науқанына қатысты

Ақмола облысының мемлекеттік қызметшілері еріктілер қозғалысы шеңберінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті ұйымдастырған «Игі істер марафонына» қатысып, мұқтаж жандарға...