Вторник, 8 октября, 2024
ЖаңалықтарМаңыздыНұр-Сұлтанда мұғалімдер аллеясы пайда болды

Нұр-Сұлтанда мұғалімдер аллеясы пайда болды

Бұл туралы қала әкімі Алтай Күлгінов инстаграм парақшасында жазды. https://www.instagram.com/p/CF4GwMFHMGs/?utm_source=ig_web_copy_link

«Ауа-райы құбылмалы елордада жасыл белдеу мен экологиялық аймақтар экологияны жақсартып қана қоймай, климаттық жағдайды жұмсартуға мүмкіндік береді. Көктемде және күзде қаланың барлық аудандарында ағаш отырғызумен айналысамыз. Саябақтарға, қоғамдық кеңістіктерге және аулаішілік аумақтарға ерекше назар аударамыз. Бүгін халық арасында Пирамида деп аталатын Бейбітшілік және келісім сарайының бойындағы Тұңғыш Президент саябағында ағаштар отырғызылды. Шараға еріктілер, қоғам қайраткерлері, мәдениет және спорт қайраткерлері, қала тұрғындары қатысты. Ұстаздар күні мерекесіне орай мұғалімдерімізге арнап арнайы аллея отырғыздық», — деді Нұр-Сұлтан әкімі А.Күлгінов.

Қала әкімі атап өткендей, биылғы жылы қалада отырығызылған аштардың саны 80 мыңнан асады.

«Тек осы демалыс күндері мыңға жуық ағаш отырғызамыз. Биыл отырғызылған ағаштардың жалпы саны 30 мыңнан, жасыл желектер – 80 мыңнан асады. Осылайша, қалада біртіндеп жасыл аралдар — экологиялық аймақтар санын көбейтудеміз. Өсімдіктерді сақтау мақсатында ағаштарды кесу кезінде өтемдік отырғызуды екі есе көбейттік. Егер бұрын «беске бір» болса, қазір «онға бір». Карантин кезінде 15 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берген «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша бірқатар мәдениет, спорт және білім беру нысандарын жөндеуге кірістік. Қазір Бейбітшілік және келісім сарайына жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бүгінгі таңда ғимарат бойымен отырғызылған ағаштар қазірдің өзінде бұл жерге жайлылық беріп тұр. Бірнеше жылдан кейін осы аймақта құрылған экологиялық аймақтар бірнеше есе көп болады», деп жазды А.Күлгінов.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы энергетика және ТКШ басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Бақтыбек Бәкенұлы Жапаев Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бақтыбек Жапаев Павлодар университетін, Еуразия инновациялық университетін,...

Қашықтықтан бақылау нәтижесінде 154 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Е-лицензиялау» жүйесіндегі қашықтықтан мониторинг қорытындысы бойынша 154 көрсетілетін қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді. Осылайша, «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)...

«Бурабай» ұлттық паркінің орман питомнигінде 57 200 кәдімгі қарағай екпелері қайта отырғызылды

«Бурабай» ұлттық паркінің орман питомнигінде 57 200 кәдімгі қарағай екпелері қайта отырғызылып,  ағаштарының есебі жүргізіліп жатыр. Табиғи парктің экологиялық миссиясы аясында осы маусымның негізгі...

Азаматқа бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызмет алу бойынша жәрдем көрсетілді

«1414» бірыңғай байланыс орталығында «уәкілетті органға өтініш беру» батырмасы бар. Онда азаматтар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру бойынша пікір, шағым, мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту...

Мәслихаттардың мемлекеттік басқарудың жаңартылған жүйесіндегі жаңа рөлі

Бүгін өткен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының екінші республикалық форумы Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларды іске асыру тұрғысынан маңызды оқиға болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев...