Вторник, 14 января, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерАршалы«Nur Otan» халықпен бірге!

«Nur Otan» халықпен бірге!

Сондай-ақ, оқыңыз...

  «Nur Otan»  партиясы  Аршалы аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар,»Козлова А.В » ЖК басшысы  Козлова Анна Викторовна мен » Nur Otan » партиясы Аршалы аумақтық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлмира Ахимова Омарқызы  аудан  тұрғындарымен онлайн  жүздесу өткізді.  Кездесу барысында  «Nur Otan» партиясының  7 басым бағыттары бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға   тоқталды.   Халықтың тұрмыс жағдайын арттыру жолында  шағын және  орта бизнеске қолдау көрсету керек екендігін айтқан  кандидаттар, алдағы сайлауда дұрыс таңдау жасауға шақырды.   Бүкіл жер шарын дүр сілкіндірген коронавирус пандемиясы қазақстандықтардың өміріне де елеулі өзгеріс енгізді. Бұл тұрғыда  мемлекетіміздің басты байлығы адам өмірі мен денсаулығы біздің бірлігімізді арттыра  түсті.

   Гүлмира Омарқызы  «Nur Otan» партиясы еліміздің жетекші саяси  күші ретінде  халқымыздың бірлігін, еліміздің өркендеуін   қамтамасыз ету  және әр бір қазақстандық   азаматтың  әл ауқатын арттыру  бағытындағы жұмысын жалғасыра беретіндігін алға  тарта отыра, партияның әр бір мүшесі  еліміздің  өркендеуіне өз үлесін қосып отырғанын айтты.

   Анна Викторовна өз сөзінде  Қазақстан  дамуының  аймақтық  көшбасшысына  айналды  және оның экономикалық  табыстары  еліміздің  әр отбасы  мен әр азаматтың  әл ауқаты мен өмірінің  жақсаруына әсер етені жайлы айта келе, ауданымыздың  агро өндірістік  және ауыл шаруашылығын дамытуға толық жағдай жасалғанын атап өтті.  Аудан жастарын осы саланы дамытуға өз үлестерін қосуға шақырды. Аршалы ауданы туризмді дамытуға өте ыңғайлы мекендердің  бірі екені айтылды. Жібек жолы ауылында қысқы туризмді дамыту қолға алынғандығы жөнінде де мәлімдеді.

        Болашағымызды жоспарлауда нақты қадамдар мен бағыттар ұсынып отырған «Nur Otan» партиясына дауыс беріп, дұрыс таңдау жасауға шақырды. Алуан түрлі әлемдік үдерістерге қарамастан, алға қойған барлық  мақсаттарға бірге  қол жеткізетінімізге сененміз! 

  «Nur Otan» қашан да халықпен бірге!  

«Nur Otan» партиясының  Ақмола облысы  Аршалы ауданының  Сайлау қорының  қаражатынан төленді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...