Көкшетауда «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалының ХХХІV есептік-сайлау конференциясы болып өтті. Онда 2019-20 жылдар аралығындағы жұмыс қорытындыланып, облыстық филиалдың Саяси кеңесі сайланды. Сондай ақ, алдағы кезеңнің жұмыс жоспары пысықталды.
Партияның облыстық филиалы Саяси кеңесінің 2019-2020 жылға дейінгі атқарған жұмысы туралы баяндама жасаған облыстық филиал төрағасы, облыс әкімі Ермек Маржықпаев Ақмола облысы бойынша партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасын іске асыруға байланысты алдағы кезеңдегі партия қызметінің басым мәселелеріне тоқталды.
Сондай-ақ, аймақ басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қысқаша шолу жасап, ауылшаруашылығы, өнеркәсіптік өндіріс, әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру мәселелерін атап өтті.
2020 жылы коронавирустық індеттің белең алуына қарамастан, облыс барлық көрсеткіштерді ойдағыдайорындады. Осы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Ақмола өңірі республика көлемінде үшінші орында.
«Праймериз, сайлау алдындағы және іс жүзінде сайлау науқаны кезеңі бүкіл аймақтық партия ұйымы үшін жауапты болды. Біз партияның басшылығы мен Мемлекет басшысының алдымызға қойған тапсырмасын орындадық: барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының 30% -дан астамы 29 жасқа дейінгі әйелдер мен жастар; 20% — 35 жасқа дейінгі жастар. Орташа жас — 43 жасты құрап отыр», — деді Ермек Маржықпаев.
Конференция барысында қоғамдық қабылдау бөлмелерінің ерекше маңыздылығын атап өткен өңір басшысы есепті кезеңде өңірлік қоғамдық қабылдауларға 22 мыңнан астам өтініш түскенін, олардың 62% оң шешімін тапқанын баса айтты. Бұл қазіргі кездегі елдегі ең жақсы көрсеткіштердің бірі деп атап өтті ол.
Сондай-ақ, «BIRGEMIZ» республикалық акциясы аясында партия халықтың аса мұқтаж 7 тобына 50 мың теңге көлемінде көмек көрсетті. Облысымыздың 25 мың мұқтаж азаматына 1 миллиард 281 миллионнан астам теңге бір реттік көмек ретіндежеке есеп шотына аударылды.
Осы кезеңде «Жас Отан» жастар қанатының еріктілері шағын және орта бизнес өкілдерінің, барлық деңгейдегі депутаттардың қолдауымен және партияның аумақтық филиалдарының ұйымдастыруымен 16 173 азық-түлік себеттерін үйді-үйге таратып, қиын жағдайда қалған отбасыларға жеткізді. Өз сөзін қорытындылай келе, аймақ басшысы бүгінде бастауыш партия ұйымдарының, партияның аумақтық филиалдарының жұмысындағы басты басымдық — бұл партияның сайлауалды бағдарламаларын іске асыру, әр ауданның, қаланың, облыстың жол карталарының орындалуын бақылаужәне барлық өтініштер мен бұйрықтардың мінсіз орындалуын қамтамасыз ету екендігін тағы бір еске салды.
Жалпы, сайлауалды бағдарламаның Жол картасында алдағы бес жыл ішінде 100-ден астам іс-шара жүзеге асырылып, 31 индикатор іске асырылуы керек, бұл 1,3 трлн көлемінде қаржыландыруды қажет етеді деп өңір басшысы сөзін қорытындылады.
Конференция барысында сөз алған партия белсенділері, БПҰ төрағалары, депутаттар мен құрылымдық бөлімшелердің басшылары облыстық филиалдың Саяси кеңесінің жұмысын оң бағалап, партия жұмысының түрлі аспектілеріне тоқталды. Конференцияға жиналған делегаттар партияның Ақмола облыстық филиалының бақылау-тексеру комиссиясының жұмысы туралы есебі тыңдалып, қабылданды.
Жиын соңында бірқатар нұротандықтар облыс әкімі, облыстық партия филиалының төрағасы Ермек Маржықпаевтың алғыс хатымен марапатталды.