Сенбі, Шілде 27, 2024
15.2 C
Kokshetau
14 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерАршалы«Nur Otan» партиясы халық сенімін ақтайды

«Nur Otan» партиясы халық сенімін ақтайды

«Nur Otan»   партиясының мүшесі, партия депутаттығына үміткер  «Ж.Тәшенов атындағы орта мектеп» КММ директоры  Байдилдина Гүлнар Мырзахметқызы және  «Аршалы ауданы жастар орталығы»  директоры,  «Nur Otan»   партиясының мүшесі, партия депуттағына үміткер Жанабергенов Актан Талғатұлы өздерінің үгіт насихат жұмыстарын бастап кетті. Кездесу аудан тұрғындарымен онлайн форматта өткізілді.  Алдағы 2025 жылға дейінгі жоспарланған жұмыстар барысымен  таныстырып өтті. Сонымен қатар, Байдилдина Г.М. «Nur Otan   партиясының халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту барысында құрылған 7 басым бағыттарымен таныстыра отырып, аудан жұртшылығын  алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Бүгінгі таңда ауылды, елді мекендерді көркейту барысында «Nur Otan»    партиясының халық игілігі үшін жасалып жатқан жұмыстарына да тоқтала кетті. Ауданымыздың  Жібек жолы, Жалтыркөл,Анар  ауылдарында  жалпы білім беретін мектеп салу жоспарланып отырғанын, 2025 жылға дейін 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерге арнап салынатын бала бақша санын ұлғайту көзделіп отырғанын да  мәлімдеді. Сонымен қатар, жұмыспен қамту және жетіспейтін мамандар жайы да сөз болды. Білім  беру саласында жұмыс атқарғандықтан,  аудан мектептеріне қажетті жаңа модификациялық кабинеттермен қамту жайы, жас мамандарды ауылды жерлерге  тарту мақсатында қарастырылған бағдарламалармен  және мұғалімдер тапшылығын төмендету жайын да айтып өтті.

      Жанабергенов А.Т. «Аршалы ауданы жастар орталығы» директоры «Жас мамандарды ауданымызға тарту үшін «Nur Otan»   партиясы 2025 жылға дейін «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында жұмыстардың жоспарланып отырғанын да айтты.  Сонымен қатар, ауданымызды газ жылу жүйесі, ауыз сумен  қамту жайына да жеке тоқталды.  

      «Nur Otan»    партиясы  халық  пен билік арасындағы  байланыстырушы буын ретінде  әрекет ету үшін  барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады. Біз сіздерді дұрыс таңдау жасауға және сайлауда  «Nur Otan»    партиясын  қолдауға шақырамыз.  Біздің басты міндетіміз,  әр бір тұрғынның сенімін ақтау, сол себепті 10- қаңтар сайлау күні  сіздерді дұрыс таңдау  жасайды деген сенімдеміз.

   «Nur Otan» партиясының  Ақмола облысы  Аршалы ауданының  Сайлау қорының  қаражатынан төленді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...