Суббота, 15 марта, 2025
ЖаңалықтарМаңызды«Nur Otan» партиясының атауы өзгертілді

«Nur Otan» партиясының атауы өзгертілді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Бүгінгі съез барысында «Nur Otan» партиясының атауын «Аманат» деп өзгерту туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов елдегі ең ірі партияны қайта жаңғырту бағытындағы ұсыныстарға қолдау көрсеткені үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын айтты.

«Құрметті делегаттар, бүгінгі съезде партияның модернизациясы тұрғысында айтылған барлық ұсыныстарды, оның ішінде партияның модернизациялау бағдарламасы, жаңа атауы мен белгісі бойынша қабылдау үшін дауысқа саламыз», — деді партияның атқарушы хатшысы.

Делегаттар съезде ұсынылған бастамаларды қолдап, тиісті қаулы қабылданды. Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы «Nur Otan» партиясының атауын «Аманат» деп өзгертуді қолдады.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

ҚР МҚІА департаменті 1,5 миллиард теңгеге шаруа қожалығының құқығын қорғады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті бұрын ауыл шаруашылығын жүргізу үшін ауданы 2000 гектар жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартудан бас...

ҚР МҚІА Департаментінің ұсынысы негізінде қызмет көрсетудің қолжетімділігі артты

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру нысанында талдау жүргізеді. Департамент Агенттікке «Жаппай саяси...

«Даладай дархан, дарабоз Сәбең» жылжымалы көрмесі

Биылғы жылы қазақ әдебиетінің классик жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстан ғылым академиясының академигі, М.Ғабдуллиннің жанашыр ағасы Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толып отыр. Мәлік Ғабдуллиннің Сәбит...

ҮЗДІК қоғамдық қабылдау бөлмелері анықталды!

Байқау қорытындысы бойынша Аршалы, Степногорск және Атбасар аумақтық партия филиалдары жеңімпаз атанды. «Үздік қоғамдық қабылдау» байқауы  партияның қоғамдық қабылдау жүйесін жетілдіру және халықпен жұмысты нығайту...

Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық науқанына қатысты

Ақмола облысының мемлекеттік қызметшілері еріктілер қозғалысы шеңберінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті ұйымдастырған «Игі істер марафонына» қатысып, мұқтаж жандарға...