Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Көкшетау қалалық мәслихатына депутаттыққа кандидаттардың кезекті кездесуі «NurOtan» партиясыАқмола облыстық филиалының коворкинг орталығында өтті. Спикерлер бұл жолы «Новопэк» ЖШС еңбек ұжымымен жүздесті.
Депутаттықтан үміткер ең жас кандидат, облыстық филиалдың «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы Сұлтанбек Бекешевтің сайлауалды бағдарламасы жастардың баспанамен және жұмыспен қамтылуы.
«Жастардың барлығы дерлік «7-20-25» немесе «5-10-20» бағдарламасына қатысуға қауқарлы дей алмаймыз, олардың бастапқы жинақтамалары да жоқ. Бұған дейін«Ақмола жастары» атты мемлекеттік бағдарлама бар еді, соның жеңілдіктерінің арқасында жастар жалдамалы пәтер үшін ай сайын 10 мың теңге ғана төлейтін және қосымша қаржы жинайтын. Бүгінгі таңда үш мыңнан астам жасқа жатақхана қажет. Осы мәселелердің шешілуін «Jas Otan» Жастар қанаты өз қарауына алмақ. Біздің бастамамызбен облыс бойынша коворкинг орталықтары ашылды, онда жастар жиналып«Nur Otan» партиясымен бірге өздерінің мәселелерін шешуге тырысады»,–дейді Сұлтанбек Бекешев.
Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырып, қайта мамандануына ықпал ететін «Өрлеу» ұлттық орталығының облыстағы филиалының директоры Нина Стукаленко партия құрамына кеш енгеніне өкінетінін жасырмайды. Ол өзінің отыз бес жылдық білім саласындағы өтілінің жиырма бес жылын Ш. Уәлиханов атындағы педагогикалық университетіне арнады. Пандемия уақытында «Өрлеу» орталығы үзіліссіз жұмыс істеді. Облыс педагогтарымен бірлесіп, бес мыңнан астам кәсіби видеосабақтар жүргізілді, бүгінгі күні оны сайт арқылы мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар пайдаланып отыр. Депутаттыққа кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасында білімнің сапасын жоғары көтергісі келеді. Партия мүшелері кәсіби шебер мамандар, сондықтан бірге жеңіске жететінімізге сенімдімін дейді ол.
Көкшетау қалалық емханасының бас дәрігері Ғалия Сабатаеваның айтуынша, бүгінгі күні емхана 95 мыңнан астам адамға қызмет көрсетеді, ұжымда 800 адам бар. Оның 80% –жас мамандар. Олармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу керек. Бүгінгі таңда медицина мамандары жетіспейді. Сондықтан оларға төленетін әлеуметтік жәрдемақыны көбейту бағытында жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Кірісі жоқ отбасында береке болмайтыны белгілі. Өз қарамағыңдағы қызметкерлер сапалы жұмыс істесін десең, оның жағдайын түзе, содан кейін талап ет. Бұл мәселелер нағыз халықтың партиясы «Nur Otan» партиясымен әбден мүмкін деді ол өзінің сөзінде.
Көкшетау қалалық мәслихатына депутаттыққа кандидат жеке кәсіпкер Айдын Раисов та өз бағдарламасында халықтың әлеуметтік жағдайын түзеуді бірінші кезекке қояды. Елге келген індет жеке кәсіп иелеріне де оңайға соққан жоқ. Жұмыстары тоқтап қалды. Сол уақытта кәсіп иелерін алдымен қолдаған «Nur Otan» партиясы болды. Өз басынан өткен қиындықтарды және осы саяси ұйымның арқасында тығырықтан қалай шыққанын әңгімелеген жеке кәсіпкер алдағы сайлауда дұрыс шешім қабылдауға шақырды.
Сайлаушылардың қойған сауалдарына жауап берген кандидаттар нақты және нәтижелі істің басы-қасынан табылатын саяси ұйымға сенім артуға әбден болады деді.
«Nur Otan» партиясы Көкшетау қалалық сайлау қорынан төленді.