Сенбі, Шілде 27, 2024
21.2 C
Kokshetau
25 C
Nur-Sultan
34 C
Almaty
ЖаңалықтарЖемқорлықҚоғамдық кеңес Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасының проблемалық мәселелерін бақылауды күшейтеді

Қоғамдық кеңес Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасының проблемалық мәселелерін бақылауды күшейтеді

Ақмола облысы Қоғамдық кеңесі төралқасының отырысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық бақылауды күшейту мәселелері талқыланды.

Отырыс барысында өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның алдын алу басқармасы басшысының орынбасары Шыңғыс Әкімбеков төралқа мүшелерін Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасының өзекті мәселелері туралы хабардар етті.

Атап айтқанда, спикер кеңеске қатысушылардың назарын сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы Қоғамдық кеңестердің рөлін күшейтуге, сондай-ақ еліміздің әрбір өңірі үшін әзірленген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы бойынша жұмыстың жаңа тәсілдеріне аударды. Қазіргі уақытта облыстық Антикор осы бағыт бойынша тиісті жұмыстар жүргізуде. Кейбір нәтижелер бар, алайда өзекті мәселелерді неғұрлым тиімді және жедел шешу үшін азаматтық қоғамның белсенді қатысуы қажет.

Сондай-ақ отырыста Қоғамдық кеңес жанындағы заңдылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы Сәуле Құсайынова сөз сөйлеп, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын табысты іске асыру шеңберінде мемлекеттік органдар мен жұртшылық өкілдерінің күшейтілген өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, кеңесте қоғамдық бақылау институтын қоғам қайраткерлерінің бюджеттік үдерістерге қатысуы, мемлекеттік сатып алу мониторингі, мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалау, сондай-ақ өңірдің неғұрлым проблемалық мәселелерін айқындау арқылы дамыту қажеттігі атап өтілді.

Отырысқа қатысушылар өз пікірлерімен және ұсыныстарымен алмасты, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша одан әрі сындарлы ынтымақтастықты талқылады.

Талқылау қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңестің төрағасы Ермек Нұғманов Кеңес жанындағы тұрақты комиссиялардың төрағаларына алдағы кезеңге арналған комиссиялардың жұмыс жоспарына Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасының проблемалық салаларын енгізуді тапсырды.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...