Воскресенье, 9 февраля, 2025
ЖаңалықтарМаңыздыОңтүстікте электр энергиясын өшіру себебін тексеру үшін арнайы комиссия құрылды

Оңтүстікте электр энергиясын өшіру себебін тексеру үшін арнайы комиссия құрылды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Қазақстанда оңтүстік өңірлерде электр энергиясын өшіру себептерін тексеру бойынша арнайы комиссия құрылды. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрінің басшылығымен оңтүстік өңірлердің тұтынушыларын электрмен жабдықтаушы «КЕGOC« АҚ электр желілерінде технологиялық бұзушылықтың туындауы және орын алу себептері мен шарттарын шынайы және жан-жақты анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылды.

Тексеріс нәтижелері бойынша орын алған технологиялық бұзушылықтарға алдағы уақытта жол бермеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру жөніндегі ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар әзірленетін болады», — деп атап өтеді министрліктен.

Естеріңізге сала кетейік, 25 қаңтарда Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарында және Алматы мен Шымкент қалаларында электр энергиясы апаттық жағдайда ажыратылды. Сол күні сағат 16:00-де Қазақстанның оңтүстік аймағының барлық өңірлерінің тұтынушыларына жарық қайта берілді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Облыстың мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссиясының қызметі қорытындыланды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының төрағалары үшін семинар ұйымдастырып, онда 2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың тәртіптік...

Азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органнан босатылғаннан кейін жұмыс берушіден қызметкерге тиесілі есеппен және төленген сомамен...

Адам құқықтары-ең жоғары құндылық

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі Джанбекова Гүлнәр Хамитқызымен сұхбат. - Гүлнар Хамитқызы Қазақстанда азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша қандай шаралар қабылданып...

Қазақстандағы әйелдердің құқықтарын қорғау және олардың мүмкіндіктерін кеңейту

Соңғы жылдары біздің еліміз бірқатар маңызды бастамаларды жүзеге асыру арқылы адам құқықтары саласында белгілі бір жетістіктерге жетті. Қазақстан әйелдердің құқықтарын қорғауға және олардың мүмкіндіктерін кеңейтуге...

Акцию «100 дней до Победы» организовали в акмолинском ДУИС

В этом году отмечается 80-летие Победы в Великой Отечественной войне. В честь юбилея знаменательной даты в акмолинском ДУИС поддержали республиканскую акцию «100 дней до...