spot_img
- Жарнама -spot_img
35.2 C
Kokshetau
ЖаңалықтарӨңірлерЦелиноградҚоянды кентінде су тасқыны бойынша жағдай тұрақталды-ТЖД

Қоянды кентінде су тасқыны бойынша жағдай тұрақталды-ТЖД

-Жарнама -spot_img

Целиноград ауданының Қоянды ауылында Ақмола,Павлодар облыстарының және Нұр-Сұлтан қаласының құтқарушылары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері еріген қар суын сору бойынша апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуде.

Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істеуде. Осының арқасында Қоянды ауылында су тасқыны жағдайы тұрақталды. Қазіргі таңда апаттық-құтқару жұмыстарына 50 адам, 12 техника және 10 мотопомпа жұмылдырылды.

Сонымен қатар, Целиноград ауданының Талапкер, Қараөткел, Арайлы, Қаражар, Қызылжар, Ақмол, Қосшы, Қабанбай батыр, Қосшы, Қызылсуат және Жарлыкөл кенттерінде де еріген қар суын сору жұмыстары  қолға алынып отыр. Ақмола облысы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев апатты-құтқару жұмыстарына жетекшілік етуде.

Қоянды ауылында ағымдағы жылдың 5 сәуірінен бастап 750763 текше метр еріген қар суы сорылды, сондай-ақ, 5200 метр су бұру арналары мен арықтары тазартылды.

Ақмола облысының ТЖД баспасөз қызметі.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img