Среда, 30 апреля, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерҚорғалжынҚорғалжын ауданында тарихи-өлкетану музейі ашылды

Қорғалжын ауданында тарихи-өлкетану музейі ашылды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Наурыз мейрамына орайластырылған музейдің ашылу салтанатына аудан әкімі Берік Жанбаев, зиялы қауым өкідері мен тұрғындар қатысты деп хабарлайды, ішкі саясат басқармасы.

Тарихты зерттеп, зерделеп, оны халыққа жеткізу, бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, кейінгі ұрпаққа аманат етіп табыстау мақсатында ашылған музей аудан тұрғындары үшін мейрам қарсаңында жақсы жаңалық болды.

«Ауданымызда алғашқы рет тарихи-өлектану қоғамдық музейін ашып отырмыз. Баршамызға құтты болсын. Бұл мұражай ұрпақтарымыз үшін жасалған аса бағалы мәдени орын деп ойлаймын.Осы мұражай орналасқан ғимараттын өзі – тарихи ескерткіштердің бірі деп саналады», — деп атап өтті аудан әкімі Берік Жанбаев.

Ауданда музей ашу жұмыстары 2019 жылдан бастап қолға алынған. Сол уақыттан бері арнайы фонд құрылып, оған жергілікті халық қаражат салса, Қорғалжын ауданы әкімдігі музейге арнап ғимарат бөлді. Бұл ғимараттың өзі ауданда ең бірініші болып бас көтерген құрылыстардың бірі.

Музейдің жан-жақты жұмыстарын атқарып, еңбегін сіңірген зейнеткер, өлкетанушы Аманжол Әужанұлының айтуынша бір ғасырға жуық тарихы бар Қорғалжын өлкесінде әлі талай сырға толы тарихи мұралар табылып, анықталып, мұражайдың жәдігерлері одан әрі толықтырылады.

Музейде аудан тарихы, ауданды ашқан тұлғалар туралы ақпараттар, тарихи және ескі жәдігерлер қойылған.

Айта кетейік, музей ауданға жылына 5000 астам келетін туристке ауданның тарихымен танысуға тамаша мүмкіндік береді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Трамп АҚШ-ты жарылқай ма, әлде жарға жыға ма?

Дональд Трамптың АҚШ президенті қызметіне кіріскеніне бірнеше айдың ғана жүзі болса да, ол алпауыт елдің болашағына көлеңкесін түсірер біраз шаруаларды жасап тастады.  АҚШ президенті...

Жолшылар Көкшетау қаласының колледж студенттерімен кездесті

Жолшылар Көкшетау қаласының мектептерінің түлектерімен кездесті. «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК Ақмола облысы бойынша филиалы ұжымы арнайы мектепке барып, кәсіби-бағдар беру жұмыстарын жалғастырып...

Ақмола облысында 315 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2025 жылдың І тоқсаны ішіндегі...

Биыл Ақмола облысында 9 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жүйесіне кіреді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикер атап...

Жоғары оқу орындарының 25 түлегі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг...