Кеше сағат 22:15-те Қосшы қаласында 5 қабатты тұрғын үйдің 4-қабатында өрт шықты. Өрттің жалпы ауданы — 16 шаршы метр. Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында төрт бала өрттен құтқарылды.
Өрттің шығу себебі анықталуда. Өрт орнына Ақмола облысы, Астана қаласы ТЖД 11 адам және 4 бірлік техника мен ЖАО өрт сөндіру бекеті шықты.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.