Четверг, 19 сентября, 2024
ЖаңалықтарӨңірлерҚосшыҚосшы қаласының әкімі тағайындалды

Қосшы қаласының әкімі тағайындалды

Бүгін Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың өкімімен Қосшы қаласының әкімі тағайындалды, деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасы.

Ғайдар Қасенов Атбасар ауданының тумасы. С.Сейфуллин атындағы аграрлық университетті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Халықаралық бизнес академиясын тәмәмдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1998 жылы Астана қаласы Алматы ауданы әкімі аппаратының бас маманы болып бастаған. 2001 жылдан 2006 жылға дейін коммерциялық құрылымдарда басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2006-2008 жылдары Астана қаласы Алматы ауданы әкімінің орынбасары, кейін аудан әкімі қызметтерін атқарған.
2008-2015 жылдары «Қазтеміртранс»АҚ Корпоративтік даму жөніндегі вице-президенті болып жұмыс істеді. Тағайындалғанға дейін Ақмола облысы Шортанды ауданының әкімі болып еңбек етті.

Еске сала кетейік, 2021 жылғы 27 шілдеде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Жарлыққа қол қойды. «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына сәйкес Ақмола облысының Целиноград ауданы одан облыстық маңызы бар қала мәртебесін алған Қосшы ауылын бөлу жолымен қайта ұйымдастырылды.

 

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Қашықтықтан бақылау нәтижесінде 363 қызмет алушының құқықтары сақталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Е-лицензиялау» жүйесінде қашықтықтан жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша 363 қызмет алушылардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етті. Осылайша, бұған...

Ақмола облысында 119 мемлекеттік қызметші үстеме жұмысқа тартылған

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары, аппарат басшылары және әдеп жөніндегі уәкілдер үшін семинар ұйымдастырып, онда 2024...

Ақмола облысында өңірлік кадр резерві жасақталды

Ақмола облысы кадр комиссиясының шешімімен өңірлік кадр резервіне 25 адам іріктелді. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет...

«Өнерлі шаңырақ» облыстық байқауының жеңімпазы анықталды

Байқауға Ақмола облысының 13 өнерлі отбасылары қатысты. Гран-при иегерлері Қосшы қаласының Жайбусиновтар отбасы Нұрғиса Тілендиевтің “Ата толғау” күйін домбыра, бас домбыра, сырнай, сылдырмақ, шаңқобыз...

Степногорск қаласының прокуратурасы 40 млн теңгені жымқыру фактісін анықтады

Қала прокуратурасы мемлекеттік мекеме бухгалтерінің қаражатты ұрлау фактісін анықтады. Бухгалтер екі жыл бойы депозиттік шоттың ақшалай қаражатын мақсатсыз жұмсаған және мемлекеттік сатып алудың қатысушы болып...