Ұлтының намысын ойлайтын ұлдардың руһы қайдада асқақ. Қан майданда қан көріп, етікпенен су кешіп жүрседе ұлтының рухын, ана тілінің қамын ойлаған батырлар жетерлік. Олардың қатарына Бауыржан Момышұлы, Мәлік Ғабдуллин, Әзілқан Нұршайықов, Дихан Әбілаевтарды жатқызуға болады. Олар өздерінің жазбаларында қазақ халқының бойындағы өр рухты оятуды, ана тілінің қолдану аясын кеңейтуді, әдебиетінің биік болуын мақсат етті. Бұл мақсатты Мәлік Ғабдуллиннің соғыс жылдарында Бауыржан Момышұлына, Ғабит Мүсіреповке жазған хаттарына зер салсақ анық білетін боламыз. Бүгінгі сөз ана тілінің келешегі туралы жазысқан хаттар жайында болмақ.
…М.Ғабдуллин 1943 жылы 16 тамызда Бауыржан Момышұлына осы айдың 21-інде қазақ халқы туралы көлемі отыз бес бет болатынын баяндама жасайтынын жайлы хат жазады. Баяндамасында майданда жүрген айтулы батыр қазақтардың ерлігі жайлы:- « соғысып жүрген қазақтардың батырлығы, отанды, ел жұртты сүйсіндірді және олардың ар-намыс, абырой биікте ұстап, қаһармандықпен соғысып жүргенін нақтылап, бұлжытпас дәлелдер келтірдім және ерлік жасаушылық қазақтың жанына бүгін ғана пайда болды ма? -«Жоқ, ол халық жасағаннан бері келе жатқан салт, дәстүр», — деген, ой қозғап, сауал қойып, тарихқа қарай қол создым, оны қазақтың эпос-батырлар жырынан іздедім таптым, деп хатында жазады. Жазбасы жайлы бір екі дерек келтірсек.
1.Қазақ халқының батырлары Едіге, Қобыланды, Ер Тарғын тағы басқаларының халық үшін, халықтың бостандығы, бақыты үшін соғыстары. Бұл батырлар біздің мақтанышымыз.
- Қазақтың халық батырлары Есім хан, Қасым, Тәуке, Сырым Датов, Исатай, Махамбет, Кенесары, Есет, Бекет, Аманкелділердің ерлік істері. Олардың соғыстары, батырлықтары. Сол кездердегі әлеуметтік хал-жағдайлары, ел тұрмысы. Қысқасы жағалай шабыс құба қалмақ заманынан бастап Октябрьге дейінгі, кәзіргі ерлік істер. Бұлардың бәріне көптеген тарихи фактылар, дәлелдемелер келтірілді, жырлардан үзінді енгіздім және олардың істеген істеріне өзінше түйінді қорытындылар жасаған болдым. Шоқан Уәлиханов пен Абай туралы да айттым. Қысқасы аузымды толтыра қазақ баласы, қазақ елі батыр ел, ол сандаған жауын жеңген, керемет мықты ел деп көрсетуге тырыстым. Бұрын кейбір баяндамашылар баяндама жасай қалса, біз өткенде нашар едік, мүсәпір едік дейтін еді ғой. Мен осы сөзден қаштым, қайта оған қарама қарсы – біз батыр елміз деген баса айттым.
… «Мен қазақпын» деген сөзді айтқан кезде мен ешқашан өз ұлтымды соншалықты артық бағалай көтермелеп, өзгеден барынша аспандатып отырған емеспін. «Қазақпын» деген сөз мені түсінігімде менің қай ұлт өкілі екенімді білдіреді. Осы арқылы мен өз ұлтыма деген сезімімді білдіремін; бұл сөз қасық қаным қалғанша соған қызмет етуге тиіс ұлттың ұлы екенміді білдіреді…» —деп, жазғаны хатында таңбаланған екен.
…Осы жылдың 27 қыркүйегіндегі хатында Мәскеудегі жиында қазақ халқы туралы баяндамасын жасап, сәтті болғанын, мүмкін болса баяндамасының бір данасын салатынын жазады. Елге демалысқа барғанын Бауыржанның отбасында қонақта болғанын жазып, қазақ тілі жайлы мәселе қозғайды. Қөз қарасын Бауыржан батырдың үйінде болғанда бала тәрбиесіне, ана тілінде сөйлеуге аса ден қойып отырған Жамал апайының үлгі өнегесін жазады. Онда:- Маған ұнаған жері сол – Жамал Бахытты қазақша сөйлеуге үйретуде, онысы орынды және дұрыс. Жас бала орысшаны қашан да болса тез үйренеді, ана тілін білмесе ол ұят болады ғой» деген.
…Келесі хатын 1944 жылы 2 маусымдағы жазады. Онда, Ғабит Мүсіреповтің жазған хатынан Алматыда қазақ тілі мамандарының қазақша термин жасау мәселесін көтеріп жатқандығын естіп, төмендегі ұстанымын білдіреді: «…Ол дұрыс әңгіме, бірақ әңгіме терминде тұрған жоқ. Ең бастысы, қазақ тілін өркендету туралы болу керек емес пе? Мен былай деп ойлаймын. Союздық республика болу тұрасында Сталин жолдастың анық определениесі бар. Ол кісінің айтуынша халықтың саны, жері, әдет-ғұрпы ұлттық тілі, экономикасы болу шарт. Бұл шарттар бізде молынан бар. Олар болса, Союздық республика дәрежесіне жеткен халықтың ұлттық, мемлекеттік тілі болсын. Орысша қазақша тіл бірдей жүрсін, кеңселерде де қазақ тілі қолданылсын дегім келеді. Сонда ғана, біз термин мәселесін дұрыс шеше алатын боламыз. Сонда ғана қазақ тілі өркендейді, көркейіп өседі. Осыған байланысты, кейбір жақсы әдет-ғұрпымызды қайтадан қабылдап қалпына келтіруіміз керек». Мұнда аталған түйткілді мәселелердің қалай шешілгені, қазақ тілінің қолданысы Одақ құрамында болған кезеңде қандай деңгейде болғаны, ал бүгінгі жағдайымыз қай дәрежеде екені – анық тарих, деп жазады.
…Бұл ойларын 1944 жылы 30 сәуірде Ғабит Мүсіреповке жазған хатында анық жазады. Онда:- «Қазақ тілі туралы мәселе көтерілу орынды ақ. Оны «емлә, атау» дегендерден кеңірек етіп, аумақты әңгіме ретінде айтса жақсы болар еді деймін. Меніңше, қазақ тілі – ұлт тілі, одақтас республика халқының тілі, демек, мемлекет тілі деп мәселені қойған жөн, — дей отырып, емлеге ғана қадалып қалмай, тілдің қолданысына мән беру керектігін айтады: «…Сөздің шыны былай ғой, менің байқауымша, Сіздер қазақ тіліне мән бермей, оның қадырын түсіріп жүрсіздер. Кеңселердегі жазу-сызу, мәжілістеріңіз қай тілде жүретінін мен айтпай-ақ қояйын. Ал, осыларыңыз дұрыс па? Сіздер шығармаларыңызда кім оқыйды деп жазасыздар? Кейде не қазақшаны, не басқа тілді дұрыс білмейтін балалар кездеседі. Олардың бұл дәрежеде болуына кім айыпты? Неге ұрсып, сықақтап, шаншып-түйреп жазбайсыздар? Сталин жолдас ұлт туралы берген анықтамасында ұлт болу үшін бес шарт (условие) керек екенін айтты. Мұны ұмытуға болмайтын шығар. Бізді неліктен Қазақ Республикасы деп атайды? Халқымыз үшін емес пе? Ендеше, сол халықтын тілін дұрыстау қажет. Шала молда дін бұзады, шала тілші (языковед деген мағынада) тіл бұзады. Тегі біздің тілшілеріміз осы аурудан аман ба екен?» дейді және әдебиет, аударма мәселесінеде тоқталады. –
Ол әдебиет жайлы: — «…Әдебиет мәселесі және не туралы жазу керек? (Сіз ойларсыз, «осы солдатқа не жоқ, көтін қысса болмай ма. Өзінің соғыс ісін біліп қана тыныш отырғаны жөн емес пе?» деп. Не десеңіз де, ерік Сізде, бірақ, мен үндемей отыра алатын емеспін. Өз ұлтын сүйетін адам оның мәдени өсуіне де жаны ашуы керек).
Ал, аударма сапасының сын көтермейтінін төмендегіше келтіреді:- «26-жылдары шыққан аударма кітапшалардың тілі жаттық, халыққа ұғымды болуын – сол кітаптарды аударушылар (Ғабит т.б.) ең алдымен халыққа қызмет етуді, мәдениет беруді ойлады, олар қарабасының емес халықтың мүддесін ойлады деп қарау керек. Ал, осы күнгі кейбір переводчиктар «аударылса болды, іс бітті» деп қарайды, бұған біз төзіп отыра береміз. Міне, мәселенің түйіні осындай. Қазақ тілін өркендету деген сөз халықтың болуын, өмір сүруін, көп жасауын ойлау болмақ қой. Айтпақшы, тілді өркендетуде бірнеше рет алынған алфавитымыз қаншалық пайда келтірді? 26-жылдары, 36-жылдары шыққан (қазақ тілінде шыққан) шығармаларды осы күнгі балалар оқый ала ма? Егер, сол кітаптардан (одан бұрынғы хисса т.б.) кәзіргі жастар тіл пайдалана ала ма? Осы жөнде де бір нәрсе ойлау керек болар».
…. 1945 жылы 4 ақпанда «Қызыл Армия» газеті бас редакторының орынбасары Үміт Балқашевке:- «Сізге разы болмай отырған нәрсем мынау. Сіз газетіңіздің «Номердің мазмұны» деп орысша мазмұндама беруді қоймай келесіз. Бұл кімге қажет деп сұрамай ма? Сіз газетті қазақ тілінде шығарып отырған жоқсыз ба? Ендеше олай болса, сіз не үшін газет бетіне қазақ тілінде енгізілген материалдарға санамалау жасайсыз? Мұндай санамалауды газет қай тілде жазылса, сол тілде берген дұрыс болмаушы ма еді? Оның есесіне сіз, журналист әрі бұрынғы журналистика институтының директоры ретінде, полиграфияның қарапайым грамматикасын бұзып отырсыз. Мүмкін мен қателескен болуым да мүмкін. Бірақ Сіздің бұл әрекетіңізді мен өз басыңызды қорғау деп санаймын. мен сізден өзіңіздің бас редакторыңыз, жолдас Потаповқа қазақша газет номерінің соңында ондағы енгіңзілген материалдардың тізбесін міндетті түрде газет қай тілде жарық көрсе сол тілде беру қажеттігін айтуыңызды өтініп сұраймын. Әйтпесе бұл нағыз ботқа, былық болмақ. Мысалы, жауынгер қазақ Сіздің қазақша газетіңізді алып отырып, оның соңындағы орысша мамзұнды оқыды делік. Бұл неге керек? сіздер онанда мұндай санамалаудың орнына орысша-қазақша сөздік берсеңіздер тамаша болмас па еді? Ал мұның пайдасы өте көп.
Мінеки, өз редакторыңызға осы жөнінде айтыңыз. Егер Сіз өзіңіз, түкке қажетсіз жағдайда өз басыңызды қорғау үшін менің өтініш-ұсынысымды жеткізбейтін болсаңыз, онда Сіздің бас редакторыңыз Потапов жолдасқа өзім жазып жолдайтын боламын. Амандықпен көріселік. Жолдастарға көп сәлем. Хатыңызды күттім. Мәлік.» деп, қазақ газетінің сол тілде шығуына талап қояды.
…Батыр Мәлік заңғар жазушы Ғабит тіл және әдебиет мәселелері жөнінде тұшымды ой пікірлер алмасқан. Қазақ тілін-мемлекеттік денгейге жеткізуді көксеген. Бүгінгі күні тәуелсіз елде отырып мемлекеттік тілімізді орнына қояа алмай отырғанымызды, сол абыз ағалар болжағандай. Ол жайлы бір хаттарында :- «Тіл жөніндегі пікіріңіз дұрыс. Тағыда айтайын, әңгіме атауда (термин) емес, тілді мемлекеттік етуде. Мен жуырда Смайыловтың тіл туралы жасаған баяндамасының стенограммасын оқыдым. Ол жігіт мәселені дұрыс көтерсе де, дәлелі нашар екен. Оның айтуынша қазақ тілінің шұбарлануы переводчиктерден болып отыр-мыс депті. Чепуха, вздор! Тілді бұзып отырған переводчиктер емес. Егер, өзіміз тілді қадірлеп, дұрыс бағалап ұстасақ, онда жаңағы переводчиктер біздің тізгінімізде болар еді. Ал, олай етпесек, әрине, «ит жоқта шошқа үредінің» кебіне түсеміз. 26-жылдары шыққан аударма кітапшалардың тілі жатық, халыққа ұғымды болуын – сол кітаптарды аударушылар (Ғабит т.б.) ең алдымен халыққа қызмет етуді, мәдениет беруді ойлады, олар қарабасының емес халықтың мүддесін ойлады деп қарау керек. Ал, осы күнгі кейбір переводчиктер «аударылса болды, іс бітті» деп қарайды, бұған біз төзіп отыра береміз. Міне, мәселенің түйіні осындай. Қазақ тілін өркендету деген сөз – халықтың болуын, өмір сүруін, көп жасауын ойлау болмақ қой. Айтпақшы, тілді өркендетуде бірнеше рет алынған алфавитымыз қаншалық пайда келтірді? 26-жылдары, 36-жылдары шыққан (қазақ тілінде шыққан) шығармаларды осы күнгі балалар оқи ала ма? Егер, сол кітаптардан (одан бұрынғы хисса т.б.) кәзіргі жастар тіл пайдалана ала ма? Осы жөнде де бір нәрсе ойлау керек болар» деп, қынжыла жазады.
… Қазақ тіліне қамқор болған батыр Баукең жайлыда бір дерек. 1943 жылы Бауыржан Момышұлы шұбарланып бара жатқан қазақ тілінің проблемасын көтеріп, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің төрағасы Әбдіхалықовқа майданнан хат жолдаған. Обалы кәнеки. Хатты алған Орталық Комитеттегілер қазақ тілін жақсарту туралы арнаулы қаулының жобасын дайындады. Өкініштісі қаулының жобасын Кремль қабылдатпаған екен.
Міне ел ағалары, ұлтын, ана тілін ардақтаған азаматтар бораған оқтың астында жүріп, дамыл тапқан кезінде халқының ертеңіне алаңдап, сан түрлі ойлар жазады, ұсынады. Амал не, ескерусіз қалып келеді. Олар «Тілі жойылған ұлттың өзіде жойылады» дегенді, терең түсінген еттен өтіп, сүйеке жететінін алдын ала сезген азамттар демеске лажың жоқ….
Дайындаған Дахан Шөкширұлы Жәмші.