Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Мәдениет және спорт министрлігінің «Парасат жолы» («Дорога добропорядочности») бірлескен жобасы аясында «Парасат жолы» республикалық орталығының жетекшісі, жазушы, қоғам қайраткері Сәдібек Түгел Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына барды.
Сапар барысында Сәдібек Түгел облыстық кітапхана ғимаратының бірінші қабатында орналасқан «Парасат жолы» өңірлік орталығымен, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға арналған кітап көрмесімен танысты.
Кітапхананың коворкинг-орталығы базасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды, оған мемлекет және қоғам қайраткері Жабал Ерғалиев, журналист және жазушы Қайырбай Төреғожа, Көкшетау қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Әлиев және басқа да өңірге белгілі мәдениет және ғылым қайраткерлері қатысты.
«Ашық орталықтар азаматтық идеяларды, сондай-ақ қоғам қайраткерлерін, теологтарды, ақындарды, ғалымдарды және басқа да көрнекті тұлғаларды тарта отырып, түрлі ақпараттық-түсіндіру, әлеуметтік — тәрбиелік және волонтерлік жобаларды іске асыру алаңына айналатынына сенімдімін», — деп атап өтті іс-шара барысында Сәдібек Түгел.
Кездесуге қатысушылар Ақмола облысының барлық кітапханаларында ашылған «Парасат жолы» орталықтарының қызметі мәселелерін талқылап, қоғамдағы адалдық пен парасаттылық қағидаттарын ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, «Парасат жолы» – адалдық, парасаттылық, әділдік қағидаттарын қалыптастыруға, сондай-ақ қоғамда ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын ілгерілетуге бағытталған тағы бір жоба.