Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жыл ішінде персоналды басқару бойынша өңірдің мемлекеттік органдары қызметінің нәтижелері туралы онлайн семинар өткізді.
Іс-шараға қатысушылар-мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметтерінің өкілдері мемлекеттік қызметшілер арасындағы ауысым және оның себептерін талқылады.
Сондай-ақ, семинар барысында мемлекеттік қызметшілерді оқыту мен тағылымдамадан өткізуді ұйымдастыру, мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған адамдар үшін белгіленетін тәлімгерлік пен сынақ мерзімі мәселелері қозғалды.
Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Р.Братаева өз сөзінде мемлекеттік органдардың «Е-қызмет» ақпараттық жүйесіндегі жұмысының сапасына, оған енгізілетін деректердің толықтығына, кадрлық құжаттаманың уақтылы жүргізілуіне ерекше назар аударды.
Іс-шара соңында спикер семинарға қатысушыларға атқарылған жұмыс үшін алғысын білдіріп, мемлекеттік органдардың кадр саясатын іске асырудағы, ұжымдарда қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастырудағы персоналды басқару қызметтерінің жұмысының маңыздылығын атап өтті және жыл соңындағы кадр қызметтерінің басым міндеттерін белгіледі.