Сенбі, Шілде 27, 2024
15.2 C
Kokshetau
14 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
ЖаңалықтарОқиғаҚылмысПолицейлер екі ақмолалыққа пышақ жарақатын салған күдіктіні қолға түсірді

Полицейлер екі ақмолалыққа пышақ жарақатын салған күдіктіні қолға түсірді

Ағымдағы жылдың 24 шілдесінде Жарқайың АПБ полиция бөліміне аудандық аурухананың қабылдау бөліміне 1991 жылы туған екі жергілікті тұрғын іш қуысына пышақ жарақатын салумен жеткізілгені туралы телефон хабарламасы келіп түсті, олардың біреуіне дәрігерлер геморогиялық шок диагнозын қойды.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер зардап шеккендердің денсаулығына ауыр зиян келтірген күдіктіні анықтады.

Ол бұрын бопсалаушылық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған 33 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны болып шықты. Оқиға аудан орталығындағы ойын-сауық мекемелерінің бірінің аумағында шиеленіс кезінде болған.

Аталған факті бойынша полиция бөлімімен ҚР ҚК 106-бабы 1-тармағының 2-бөлігі «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша тергеу басталды.

Күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі процестік бұлтартпау шарасы таңдалды.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...