Жаңа жыл қарсаңында полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры А.Х. Баймурзин облыс әкімі Е. Б. Маржықпаевпен бірге Көкшетау қаласында орналасқан модульдік полиция бекеттеріне барды.
Жаңа жыл қарсаңында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ететін қызметкерлердің моральдық рухын сақтау мақсатында Ақмоланың бас полицейі оларды келе жатқан Жаңа жылмен жеке құттықтап, сыйлықтар табыс етті.
Айта кетейік, бүгін 200-ден астам полицей мерекені жақындары мен туыстарымен емес, көшеде қарсы алып, азаматтардың тыныштығын қорғайды.