Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары!
А.ж. 20 желтоқсан күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлері құқықтық мәселелер бойынша кеңес береді, сондай-ақ жер қатынастары, құрылыс, ТКШ және автожол мәселелері бойынша азаматтарды қабылдайды.
Сіз білікті адвокаттардан, заң кеңесшілерінен, нотариустардан, жеке сот орындаушыларынан тегін заң көмегін ала аласыз. Ал Көкшетау қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің, Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің, Көкшетау қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшылығы азаматтарды қабылдайды.
Келіңіз және кез-келген құқықтық сұрақтарға жауап алыңыз!
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасының «Pro bono волонтерлік» бағыты шеңберінде құқықтық көмек ай сайын көрсетіледі.