Ақмола облысының аумағында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ағымдағы жылдың 19 қаңтарына дейін ерекше жағдайлар режимі енгізілді.
Осыған байланысты, осы режимнің қолданылу кезеңінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі күн тәртібі өзгерді, қалыптасқан жағдайды ескере отырып, уақытша шектеу шаралары қабылданды.
Яғни, сотталғандардың қауіпсіздігі барынша төмен мекемеден (қоныс колониясы) тыс жерге шығуы тоқтатылды, сондай-ақ барлық мекемелерде ұзақ және қысқа мерзімді кездесулер, хабарлар және телефон арқылы сөйлесулер уақытша тоқтатылды.
Осы уақытша шектеулер облыс аумағындағы мекемелердегі тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін, сіздердің туған-туыстарыңыз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше оқиғаларға жол бермеу мақсатында қабылданды.
Сонымен қатар, сіздерге алаңдауға себеп жоқ екенін, бүгінгі таңда облыс аумағындағы Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі жағдай тұрақты, тіршілікті қамтамасыз етудің барлық объектілері штаттық режимде жұмыс істейтінін хабарлаймын. Колонияларда сотталғандардың вирустық инфекцияны жұқтырмау мақсатындағы алдын алу іс-шаралары үнемі жүргізіледі.
Берілмеген кездесулер, сәлемдемелер сақталады және кейінірек беріледі.
Облыс тұрғындарына айтарым: Ресми ақпарат көзімен расталмаған ақпарат болған жағдайда, түсініктеме алу үшін Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаментіне жүгінуіңізді сұраймыз.
Тел. бойынша: 8 716 2 78 11 04
Жағдайдың барлық өзгерістері туралы Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаментінің әлеуметтік желілер парақшаларынан біле аласыздар (https://instagram.com/aqmola_duis?utm_medium=copy_link
https://www.facebook.com/profile.php?id=100045704964078)