1 сәуір күні атақты әнші Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойы аясында Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт әртістері «Көкшетау» мәдениет сарайында өнер көрсетеді.
Көрермен назарына «Қазақ деген халықтың еркесімін» атты жаңа концерттік бағдарламаны ұсынылады.
Концертте Ерлан Рысқали, Ерболат Шалдыбеков, Ардақ Балажанова, Клара Төленбаева, Дінисламбек Жайлаубай, Азамат Жылтыркөзов, Бибігүл Жанұзақ, Айзада Капонова, Асқар Мұқият, Күнсұлу Түрікпен, Нұрболат Арзамасұлы, Салтанат Меңдіғалиева, Жанна Сандыбаева, Гүлнар Көшенова, Әйгерім Алтынбек, Дидар Абдухалық, Зарина Жакенова, Біржан Айтахметов өнер көрсетеді.
Концерт композитор Бауыржан Ақтаевтың жетекшілігіндегі «Астана сазы» мемлекеттік фольклорлық ансамблінің сүйемелдеуімен өтеді.