Домбыра – қазақ үшін жай ғана музыкалық аспап емес, одан әлдеқайда биік тұрған киелі құндылық, бүкіл Қазақстан халқын біріктіретін теңдесі жоқ мәдени мұра.
Халқымыз домбыраға үкі тағып, төріне ілген, күйшілерді төредей күтіп, төбесіне көтерген. Сондықтан, ұлттық руханиятымызды дәріптейтін мереке домбыраның мәртебесін биікке көтере бермек.
Бүгінгі шара өскелең ұрпақтың қасиетті домбыраға, ұлттық өнерге деген құлшынысын арттыра түсері сөзсіз.