Пятница, 14 февраля, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерШортандыСұрақтар бақылауға алынды

Сұрақтар бақылауға алынды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Казанцев Павел Олегович Шортанды ауданына келіп, «Nur Otan» партиясының аудандық филиалында қоғамдық белсенділер, аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар, партия мүшелері, аудан жастары өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесуде Павел Олегович өзінің құрылған күнінен бастап » Nur Otan » партиясының қазіргі заманғы талаптарға сай қалыптасып, жаңа әрі заманауи партияға айналғанын айтып, өз бағдарламасында тұжырымдалған міндеттерді ойдағыдай іске асырып келе жатқанын атап өтті. Осы жылдар ішінде партияның жетістіктері мен атқарылған істері жөнінде баяндап, » Nur Otan » партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарына тоқталды.

— » Nur Otan » партиясының нақты істер партиясы екенін бүгінгі күні атқарылып жатқан істерден көреміз. Партияның бағдарламалық ұстанымының дұрыстығын уақыт көрсетіп берді және ол нақты істермен дәлелденді. Әлемді жайлаған пандемия кезеңінде де нұротандықтар халықты қолдап, көмегін тигізді,- деді кандидат.

Кездесуде қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтар бақылауға алынды, олар негізінен әлеуметтік сала бойынша, атап айтқанда, ауданда жұқпалы аурулар бөлімшесі мен сот-медициналық сараптаманың жоқтығы, облыстық деңгейдегі жолдардың жөндеуі жөнінде болды.

Кездесуде «Nur Otan» партиясынан Ақмола облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Ирина Жукова мен Шортанды аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Қабылхан Іңкәрім сөз алып, партияның атқарған игі істеріне тоқталды. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша аудандағы жөнделген жолдар мен су құбырлары желісі, сондай-ақ тұрмысы төмен отбасыларға пандемия уақытында көрсетілген көмек жөнінде айтып, мұның өзі еліміздің әр азаматының сіңірген еңбегінің нәтижесі екенін атап өтті.

Сөз соңында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Павел Олегович Казанцев 10 қаңтарда өтетін сайлауда белсенді азаматтық көзқарас танытып, » Nur Otan » партиясы үшін өз дауыстарын беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Шортанды ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшінің әдебі оның кәсібилігінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады

Қазіргі мемлекеттік билік институттарына деген сенім деңгейі мәселесінің өзектілігі барған сайын артып келе жатқан қоғам жағдайында мемлекеттік қызметшілердің әдебі бүкіл мемлекеттік қызметтің тиімді және...

Ақмола кәсіпкерлері қаржы вице-министрімен кездесуде салық реформаларын талқылады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірлердегі бизнес-қауымдастықтармен үкіметтің бастамаларын талқылайтын алты жұмыс тобы іске кірісті. Солардың бірін басқарған ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Ақмола кәсіпкерлерімен...

Облыстың мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссиясының қызметі қорытындыланды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының төрағалары үшін семинар ұйымдастырып, онда 2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың тәртіптік...

Азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органнан босатылғаннан кейін жұмыс берушіден қызметкерге тиесілі есеппен және төленген сомамен...

Адам құқықтары-ең жоғары құндылық

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкілі Джанбекова Гүлнәр Хамитқызымен сұхбат. - Гүлнар Хамитқызы Қазақстанда азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша қандай шаралар қабылданып...