ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасы негізінде тұрақты негізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру бағытында талдау жүргізеді.
Ағымдағы жылдың наурыз айында Департаментпен Агенттікке «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу» функциясын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне қосу туралы ұсыныс енгізілді.
«Функцияның мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қатарына қосылуы қызмет алушылардың құқықтарын қаматамсыз етуде басымдылық беріп, сондай-ақ оны электрондық нысанда көрсетуге, одан әрі дамытуға жағдай жасайды» — деп Департамент басшысы Думан Әбілев мәлімдеді.
Департаменттің ұсынысы Агенттікпен мақұлданып, орталық уәкілетті органдарға жолданды.
Осылайша, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 4 қыркүйектегі № 535/НҚ бұйрығымен «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу» Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілді.