Сенбі, Шілде 27, 2024
20.4 C
Kokshetau
26 C
Nur-Sultan
37 C
Almaty
ЖаңалықтарЭкономикаСалық«SalyqBot» жедел көмек көрсету қызметін қосты

«SalyqBot» жедел көмек көрсету қызметін қосты

«Salyqbot» шотты бұғаттан шығару және жеке тұлғалардың салықтары бойынша жедел көмек көрсету қызметін іске қосты.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «Salyqbot» Telegram-каналында салық төлеушілерге жедел көмектің екі қызметі іске қосылды:  «Шотты бұғаттан шығару» және «Жеке тұлғалардың салықтары бойынша көмек».

Бұл қызметтер «бір рет басу» арқылы банктік шоттар бойынша бұғаттау себептерін анықтау үшін өтінім жіберуге немесе мүлік салығы, жер салығы, көлік құралдары салығы бойынша көмек алуға мүмкіндік береді.

Көрсетілген қызметтер бойынша «Salyqbot» пайдаланушыларына сұрау жіберу үшін өңірді (облысты/қаланы) көрсету жеткілікті, содан кейін 24 сағат ішінде Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері егжей-тегжейлі ақпарат беру үшін салық төлеушімен байланысады.

Бұл қызметтерге кіру үшін https//t.me/SalyqBot?start=arrest («Шотты бұғаттан шығару»), https//t.me/SalyqBot?start=naloq («Жеке тұлғалардың салықтары бойынша көмек») сілтемелеріне өту қажет.

Немесе автоматты түрде «Salyqbot» қосымшасына аударылатын QR-кодты пайдалану жеткілікті. Телефон камерасын немесе кез-келген браузердің камерасын (Google, Yandex және т.б.) QR-кодқа бағыттаңыз.

Осылайша, салық төлеушілердің мемлекеттік кірістер органдарымен байланысының тағы бір арнасы пайда болды. Енді ақпаратты 1414 (3) Байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы немесе Мемлекеттік кірістер органдарына бару арқылы ғана емес, сонымен қатар онлайн сілтемелер мен QR-коды арқылы оңай және қарапайым түрде ала аласыз.

 

Нұрлан Ысқақов, Ақмола облысы бойынша МКД баспасөз қызметі.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...