Пятница, 17 января, 2025
ЖаңалықтарӨңірлерҚорғалжынСамға Қазақстан! Алға «Nur Otan»

Самға Қазақстан! Алға «Nur Otan»

Сондай-ақ, оқыңыз...

Дәл осындай ұранмен Қорғалжын аудандық «Nur Otan» партиясының кандидаттары аудан бойынша үгіт-насихат жұмыстарын қарқынды жүргізіп, жетекші партияның жалауын жетістікке желпіп жүр.

Сөз жоқ қарапайым халық партияның сайлауалды бағдарламасының жоспарына үлкен мән беріп тыңдап, саналы түрде қолдау көрсетіп жатыр. Демек, партияның сонша жылғы жұмысы зая кетпей, оң нәтиже беріп келе жатқанына әрбір ауылға барып, үгіт жүргзген кезде куә боламыз.

Мәселен, Қорғалжын ауданына үгіт-насихат жұмыстарымен ҚР Парламенті Мәжіліс депутаттығына кандидат Үйсінбаев Асқарбек Съезбекұлы ат басын бұрды. Қорғалжын аудандық «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Амангелдинов Мадияр Серікұлымен бірге Жантеке ауылының тұрғындарымен және сол ауылдағы «Ақжол-2030» ЖШС-ның жұмыскерлерімен кездесіп, партиялық сайлауалды бағдарламасын түсіндірген еді.

Асқарбек Съезбекұлы өз кезегінде партиялық бағдарлама қамтитын барлық әлеуметтік сұрақтарды қарастыратын айқындады. Оның ішінде ауыл тұрғындарының табысын арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі алғы орында.

Ауданда  инвестицияларды тиімді салу, көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларынан барынша қайтарым алу, жаңа озық технологияларды енгізу, өндірісті қазіргі заманғы жабдықтармен және өнімділігі жоғары техникамен әртараптандыру және жарақтандыру есебінен жоғары технологиялық агроөнеркәсіптік кешен құру жөніндегі жұмыс жалғасатыны туралы бағдарлама шеңберінде толыққанды түсіндіре өтті.

Сонымен қатар кандидат Үйсінбаев Асқарбек Съезбекұлы «Есіктен есікке» акциясы аясында да үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді және ең бастысы Қорғалжын аудандық «Nur Otan» партиясы «Jas Otan» ЖҚ еріктілерімен, жастар тобымен кездесу өткізіп, үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Жастар ел ертеңі екенін қадап айтқан кандидат, еріктілер тобындағы жастармен өз тәжірибесімен бөлісіп, «Nur Otan» партиясының жастарға ерекше қолдау көрсетіп келе жатқанын айтты. Шынында да, партияның күн тәртібіндегі негізгі мәселенің бірі ол қоғамда жастардың орнын қалыптастыру болып табылады.

Ал, жиынға жиналған жастар партия бағдарламасына қатысты сұрақтар қойып, өзара пікірталасты. Оған қоса кандидат өнер майталмандарымен кезікпей кетпеді. Ол «Дудар-ай» ансамбльінің солистерімен жолығып, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын аша түсіндірді. Сонымен қатар шығармашылық топты мерейтойымен құттықтап, мәдениет пен өнер киелі Қорғалжын жерінің айнасы екенің айтты.

Себебі, партия бағдарламасына тарих пен мәдениетті дамытуда кірістірілген. Бірнеше тараптан тұратын жоспарда Қорғалжын ауданының көрнекті тумалары (Р.Есімжанова, қ. Күмісбеков, «Дударай»әнінің авторы Ұлебай Аниетұлы) мұрасын насихаттау жөніндегі жобаларды іске асыру көзделіп отыр.

Мұның барлығы партия мен халық болып бірлесіп атқаратын игі шаралар. Алдағы уақытта осындай жоспарлардың тек жақсы жағынан жүзеге асуына септігін тигізу үшін «Nur Otan» партиясына дауыс беріңіздер. Біз сіздермен Біргеміз!!!

Ақмола облысы Қорғалжын аудандық «Nur Otan» партиясының сайлауалды қорынан төленді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...