Понедельник, 28 апреля, 2025
ЖаңалықтарОқиғаҚылмысСапасыз мемсараптама қылмыстық құқық бұзушылықты тіркеуге алып келді

Сапасыз мемсараптама қылмыстық құқық бұзушылықты тіркеуге алып келді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінде Қылмыстық-процестік кодекстің 200-бабы негізінде енгізілген қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін мән-жайларды жою туралы ұсынудың шеңберінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері қаралды.

«Мемсараптама» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік өңірі бойынша филиалының басшылығымен онлайн-кездесу барысында мамандардың құрылыс саласында ведомстводан тыс сараптаманы тиісінше жүргізбеу фактісі бойынша ақпарат жеткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өңірлік ведомство басшылығы жобаның ведомстводан тыс сараптамасын сапалы жүргізу құрылыс-монтаждау жұмыстарын сапалы жүргізудің және бюджет қаражатын ұтымды пайдаланудың кепілі болып табылатынын атап өтті.

Алайда, тергеу барысында бірқатар жағдайларда сарапшылар мен жобалау ұйымдары тарапынан бұзушылықтар мен қателер анықталады, бұл көбінесе құрылыс объектілеріне байланысты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал етеді. Қаскүнемдер ақша қаражатын жымқыру мақсатында жұмыстар мен материалдардың құнын көтеру арқылы жобалау-сметалық құжаттаманы әдейі бұрмалайтын жағдайлар жиі кездеседі.

Осыған байланысты, Департамент басшысы Мұрат Төлеубаев филиал өкілдеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалық новеллаларды түсіндіріп, сараптама жүргізу сапасын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік таныту қажеттігін атап өтті.

«Мұндай құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында, сіздердің ұжымдарыңызда тиісті түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізу қажет, өйткені қылмыстық тергеудің одан әрі барысы сарапшының сауатты жұмысына байланысты. Сондай — ақ, әрқайсысын өз ісінде жоғары кәсібилікті, объективтілікті және сатылмаушылықты ұстануға шақырамын», — деді ол.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Трамп АҚШ-ты жарылқай ма, әлде жарға жыға ма?

Дональд Трамптың АҚШ президенті қызметіне кіріскеніне бірнеше айдың ғана жүзі болса да, ол алпауыт елдің болашағына көлеңкесін түсірер біраз шаруаларды жасап тастады.  АҚШ президенті...

Жолшылар Көкшетау қаласының колледж студенттерімен кездесті

Жолшылар Көкшетау қаласының мектептерінің түлектерімен кездесті. «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК Ақмола облысы бойынша филиалы ұжымы арнайы мектепке барып, кәсіби-бағдар беру жұмыстарын жалғастырып...

Ақмола облысында 315 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2025 жылдың І тоқсаны ішіндегі...

Биыл Ақмола облысында 9 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жүйесіне кіреді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикер атап...

Жоғары оқу орындарының 25 түлегі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг...