spot_img
- Жарнама -spot_img
27.9 C
Kokshetau
ЖаңалықтарҚоғамСарбаздар үшін психологиялық тренинг ұйымдастырылды

Сарбаздар үшін психологиялық тренинг ұйымдастырылды

-Жарнама -spot_img

Ақмола облысы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/4 мекемесінің психологтары 5510 әскери бөлімінің 4 атқыштар ротасының мерзімді қызмет сарбаздарымен тимбилдинг өткізді, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.

Команда құру немесе team building – (тимбилдинг) – психотренингке ант қабылдаған әскер қатарына алынған 67 сарбаз қатысты.

Психологтардың мақсаты – Жас Отан қорғаушыларға командир қойған міндеттерді бір-бірінің ынтымақтастығы мен қолдауы жағдайында ғана уақтылы және сапалы орындауға қол жеткізе алатындықтарын, бір тұтас әскери ұжымның не екенін көрсету болды. Түсіністік танытып, жанжал туғызбау және бір бірін қолдау қажеттігі түсіндірілді.

Тренинг жұмысы барысында әскерге шақырушыларға бірлесіп логикалық тапсырмаларды шешу, танымдық ақпарат бойынша ой-өрісін кеңейту, әркімнің пікірін ескере отырып, бірыңғай шешім қабылдау, бір сөзбен айтқанда командада жұмыс істеу қажет болды.

«Отанымыздың түкпір-түкпірінен келгенімізге қарамастан, әркімнің өз мінезі, менталитеті бар, біз ортақ тіл таба алдық, дос, жолдас және бір ғана отбасы бола алдық», – деп бөлісті сарбаз.

Тренинг соңында қатысушылардың әрқайсысы алған тәжірибесі және әсерлерімен бөлісті.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img