Ақмола облысы Туризм басқармасының мәліметінше, жолаушылардың көбеюіне байланысты SCAT әуе компаниясы 17 маусым мен 31 тамыз аралығында Ақтау мен Шымкент қалаларына қатынайтын рейстерге жолаушылар орындарының санын арттыруды қолға алды.
Осыған байланысты рейстер елуден 125 орынға ұлғайтылып отыр. Boeing-735 ұшағы арқылы жүзеге асырылатын рейстер дүйсенбі мен бейсенбі күндеріне жоспарланған. Бұл жолаушыларға ыңғайлылық пен қолжетімділікті қамтамасыз етпекші.