Четверг, 21 ноября, 2024
ЖаңалықтарӨңірлерБурабай«Шағын және орта бизнесті одан әрі дамытамыз»-Бибігүл Кушекова

«Шағын және орта бизнесті одан әрі дамытамыз»-Бибігүл Кушекова

Сондай-ақ, оқыңыз...

Кеше облыстық мәслихат депутатына үміткер Бибігүл Қуанышқызы Кушекова Абылайхан селолық округінің орталығы Қызылағаш ауылында жергілікті тұрғындармен кездесті.

Кездесу барысында сайлауалды бағдарламасымен таныстырып өтті. Онда ауданның жеті басым бағыты айқындалған. «Nur Otan» келесі бағытта ықпал ететін жұмыс жоспарын атап өтті.

«Еңбек бағдарламасы бойынша жыл сайын кемінде 20 гранд пен шағын несие беру арқылы шағын және орта бизнесті дамытуға» арналған бағдарламасымен таныстырды. Жұмыссыздықты жою мемлекеттің, оның ішінде «Nur Otan» партиясының басты тақырыбы. Кез-келген ауыл, қала, кент тұрғынының әл-ауқатын көтеріп, заманға сай қалыпты өмір сүру керек.

Бизнесті қолдауға мемлекет тарапынан мүмкіндіктер ашылып, қазіргі таңда ауылдық елді-мекендегі тұрғындар түрлі кәсіптің тізгінін ұстап жұмыс істеп жатыр. «Бизнестің жол картасы-2025» бойынша кемінде 23 жобаны іске асыру» қажет,-деді үміткер. Оның ішінде отандық өнімді молынан қамтып, кәсіп көзін ашып шаруасын дөңгелету әр адамның мақсатына байланысты. Мақсат айқын болған жағдайда жұмыс та оң нәтиже беріп, қиындықтардан бірге шығамыз,-деп өз сөзін Бибігүл Қуанышқызы пысықтады.

Кездесуге жиналғандар нақты батыл қадамға барып, оң шешім шығара білетін «Nur Otan» партиясына сенім артатындығын және де елдің даму жолында атқарып жатқан нәтижелі жұмыстарына көңілдері толатындығын айтып, сайлауға белсене қатысатындықтарын жеткізді.

Өзімнің өмірлік тәжірибемде кез-келген істі қолға алсам тындырып, уәдені орындауға күш саламын. Бұл менің басты қағидам. Алдағы сайлауда біздің таңдаған партиямыз «Nur Otan» жеңіске жеткен жағдайда, еліміздің бұдан әрі қарқынды дамып, экономикалық тұрғыдан биік деңгейден табылатындығына кәміл сенемін,-деді облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Бибігүл Қуанышқызы.

«NurOtan» партиясының Ақмола облысы Бурабай ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...